Қазақстан • 13 Қазан, 2020

Қазақстанда құс өлімі тәулігіне 22 басқа дейін қысқарды - АШМ

195 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

11 қазанда Солтүстік Қазақстан облысында жеке аулаларда 22 құстың өлімі тіркелді. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Тұрсын Қабдолданов мәлімдеді

Қазақстанда құс өлімі тәулігіне 22 басқа дейін қысқарды - АШМ

Оның айтуынша, республиканың басқа аймақтарында құстың қырылуы тіркелмеген. Соңғы 10 күнде жоғарғы потагенді құс тұмауынан өлім-жітімнің тіркелген жағдайларының статистикасын ескере отырып, Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті комитетінің мамандары Қазақстанда құстардың өлімі толық тоқтағанын атап өтті.

Т.Қабдолданов қыркүйек айының ортасынан бастап Қазақстан Республиканың 7 облысының 78 елді мекенінде карантин енгізілгенін еске салды. Бұл ретте Ақтөбе және Түркістан облыстарында, Шымкентте, сондай-ақ Ақмола облысының үш ауданында, Жамбыл облысының екі ауданында, Қызылорда облысының бір ауданында және СҚО-ның екі ауданында құс тұмауы расталмады.

"Қыркүйек айының ортасынан бастап жеке қосалқы шаруашылықтарда жоғары патогенді құс тұмауын жұқтырудың салдарынан 25 мыңға жуық құс өлімі тіркелді. Сонымен қатар, инфекция ошақтарынан 20 177 бас құс тәркіленді. Осылайша, қазіргі уақытта барлығы жеке қосалқы шаруашылықтағы  45 110 бас құсқа, оның ішінде 27 393 бас тауық, 777 күркетауық, 10 141 қаз, 6 799 бас үйрек үшін өтемақы беріледі", – деп нақтылады спикер.

Қазақстанда жоғарғы потагенді құс тұмауының одан әрі таралуына қарсы тиімді шаралардың бірі - зардап шеккен аймақтарда және жабайы құстардың ұшу бағыты бойынша құстарды жедел әрі жаппай вакцинациялау болды.

2020 жылға жоспар бойынша ақпан айында құс тұмауына қарсы вакциналауға шамамен 3,4 млн доза бөлінді. Қыркүйек айында СҚО-да құстардың жаппай қырылуы басталған кезде індет табылған ошақтарды оқшаулау үшін қосымша 2,3 млн доза, содан кейін тағы 2 млн доза бөлінген болатын.

Осылайша, мәжбүрлі вакцинациялау аясында еліміздің 3 261 елді мекенінде 2,8 млн астам құс басы құс тұмауына қарсы егілді. Бүгінде вакцинациялау Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарында және Нұр-Сұлтан қаласында толығымен аяқталды.

Сондай-ақ, Т.Қабдолданов әлемдегі құс тұмауы бойынша эпидемиологиялық жағдай шиеленісе түскенін айтты. 2020 жылдың қыркүйегінде әлемнің 26 елінде жоғары патогенді құс тұмауы анықталды. Мысалы, көрші Ресей Федерациясында бүгінде жеке қосалқы шаруашылықтарда және бір құс фабрикасында 1,5 миллионнан астам құстың қырылуы тіркелген.