Қоғам • 13 Қазан, 2020

Алматыда жасырын ойынхана ұйымдастырушысы сотталды

266 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласында төтенше жағдай кезінде шектеу шараларын сақтамай, жасырын ойынхана ұйымдастырғаны үшін ойынхана иесі абақтыға тоғытылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматыда жасырын ойынхана ұйымдастырушысы сотталды

Алматы қалалық Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері төтенше жағдай кезінде заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған астыртын казино ұйымдастырушысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

"Осы жылдың мамыр айында жүргізілген жедел-тергеу шаралары барысында Алматыда "Ойын бизнесі туралы" заңның талабын бұзған жасырын казино анықталды. Тексеру кезінде мекемеде ойыншылар мен жұмысшылар болған, әрі покер үстелі, 13 дана ойын автоматы, рулетка үстелі, сондай-ақ, компьютерлік техника, ноутбук, теледидарлар және ұлттық және шетел валютасындағы ақша тәркіленген", деп хабарлады қаржы мониторинг комитетінің баспасөз қызметі.

Бұған қоса, Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының үкімімен жасырын ойынхана ұйымдастырушысы ҚР Қылмыстық кодесінің 307-бабы 3-бөлігінің 2-тармағына ("Аса ірі мөлшерде табыс табу және заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру") сәйкес кінәлі деп танылды. Сөйтіп оған 4 жыл 2 айға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.