Коронавирус • 13 Қазан, 2020

COVID-19 Ресейде қарқындап тұр

196 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

REGNUM, РБК, Интерфакс тәрізді ақпарат көздерінің хабарлауына қарағанда Ресей Федерациясында COVID-19-ға шалдығу қарқыны алаңдатарлықтай күйде, деп хабарлайды Egemen.kz

COVID-19  Ресейде қарқындап тұр

Сол себепті федерация құрамындағы барлық облыстардың үкіметтері шектеу шараларын қатаңдату үстінде. Оқу орындары шәкірттерге білімді онлайн түрде қашықтан беріп, көпшілік жиналатын орындарға баруды азайтып, қоғамдық көліктерде барынша сақтықта болуды ескерткенімен жағдайдың оңалатын түрі көрінбейді. Тіпті қоғамдық көліктерде бетперде мен қолғап кимегендік үшін айыппұл төлету де тоқтау болмай тұр. Федерацияның барлық субъектілеріне тырнағын батырған індетпен күресте қосымша ауруханалар салынып, көптеген емдеу орындары SARS-CoV-2 күрес үшін қайта жабдықталып жатыр. Мәселен, Санкт-Петербургтегі індетпен күреске бейімдеген ардагерлерге арналған ауруханаға бір күнде 40 пациент түскен.

Ресми деректер пандемияның күздегі соққысының таралу масштабы көтемдегіден салмақтырақ, ауырырақ түсуі ғажап еместігін айтады.