Түркістандық 20 жастағы жігітпен және Нұр-сұлтанның 50 жастағы тұрғыны тіл қатпастан оқиға орнында көз жұмған.
"Жігіт биіктігі 8-9 метр болатын зауыттың төбесінен құлаған. Ал 1970 жылғы азаматша ағаштан алма алғысы келіп, баспалдақтан сүрініп кеткен. Қазіргі таңда тергеу ісі жүргізіліп жатыр. Осы айдың соңына дейін отандастарымыз Қазақстанға жеткізіледі", дейді Халықаралық корейлер қоғамдық ұйымы адвокатының көмекшісі Мейірбек Садық.
Оның айтуынша, соңғы айда Оңтүстік Кореяда Қазақстанның алты азаматы қайтыс болған.