Аймақтар • 13 Қазан, 2020

Осы аптада елордада қандай қойылымдар мен көрмелер өтеді

306 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаланың мәдениет ошақтарында бірқатар концерт, көрме мен қойылымдар жоспарланған, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты. Келушілер арақашықтық пен маска тағу тәртібін қатаң сақтап, санитайзер қолдануы керек.

Осы аптада елордада қандай қойылымдар мен көрмелер өтеді

Тәуелсіздік сарайында Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Династия Аканаевых», «Движение в пространстве» көрмелері өтеді.

14 қазанда сағат 11: 00-де өнерсүйер қауым үшін «Стринг-арт лошадь» бейне сабағы жоспарланған. String art - «жіптер өнері», картонға немесе басқа қатты затқа жіппен кескін салудың графикалық техникасы. Мастер-классты Instagram-дағы @tauelsizdik_sarayi сілтемесінен және Facebook-тен facebook.com/tauelsizdik.sarayi - парақшаларынан көруге болады.

Nomad City Hall-да 15 қазанда сағат 19:00-де «Қыз Жібек» қойылымы, 17 қазанда сағат 18:00-де - «Мерекелік меню» өтеді.

«АЛЖИР» мұражай-мемориалдық кешенінде «Алаш», «АЛЖИР» мұражайының залына экскурсия жалғасуда.

Мемлекеттік академиялық филармония 13 қазанда сағат 19: 00-де Ғ.Жұбанова атындағы ішекті квартет маусымының ашылуына арналған концерт өткізеді. Шара «Астана Операда» өтеді.

15 қазанда сағат 19:00-де «Інжу-Маржан» онлайн-концерті және «Қорқыт» этно-ансамблінің концерттік маусымының ашылуы өтеді. Халық музыкасының білгірлері шараны Instagram: astana_filarmoniya, Facebook: astana.filarmoniya, YouTube: Нұр-Сұлтан филармониясы сілтемелері бойынша тамашалай алады.

М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында 14 қазанда кіші залда «Смешанные чувства» (мелодрама, Р.Бер), 15 және 16 қазан - «Смешные деньги» (Р. Куни, комедия) спектаклдері өтеді.

Айта кетейік, карантинге байланысты барлық концерт, қойылым мен көрмелер шектеулі көрермендер санымен өткізіледі.