Қазақстан • 14 Қазан, 2020

Денсаулық сақтау министрлігі 4 елмен рейс санын азайтуды ұсынды

163 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау министрлігі төрт елге әуе рейстерінің санын азайтуды ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Денсаулық сақтау министрлігі 4 елмен рейс санын азайтуды ұсынды

"Бірқатар елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына және Қазақстанға коронавирустық инфекцияның әкелінуіне байланысты Денсаулық сақтау министрлігі Украинамен, БАӘ, Германиямен және Беларусьпен әуе қатынасын азайтуды ұсынады", деп мәлімдеді Қазақстанның Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов ОКҚ-да өткен онлайн-брифингте.

Айта кетейік, Қазақстанда вакцинациялауға жататын топтар анықталды. Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой індеттің бастапқы кезеңінде ауырған науқастар қайта сырқаттануы мүмкін деп топшалады.