14 Қараша, 2013

Кім-кімнен де жауапкершілік талап етілуі тиіс

280 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Жер өңдеушінің жауапкершілігі артуы тиіс, қазір ауыл шаруашылығында жер астық егушілердің қолында, олар одан миллиардтаған қаражат алады. Есесіне шағын жекеменшік фермалар мен ауладағы бақшаларды дамытуға бөлінетін қаражат мардымсыз. Сондықтан да біз бүгінгі күні Үкіметке арнайы ұсыныс жасап, жерді өңдеуге алған адам сүт, ет пен жұмыртқа өндіру бойынша жауапкершіліктен қашпауы керектігін алға тартып отырмыз, деді Коммунистік халық партиясының өкілі, Парламент Мәжілісінің депутаты Владислав Косарев Орталық телекоммуникация қызметінде болған брифингте.

Жер өңдеушінің жауапкершілігі артуы тиіс, қазір ауыл шаруашылығында жер астық егушілердің қолында, олар одан миллиардтаған қаражат алады. Есесіне шағын жекеменшік фермалар мен ауладағы бақшаларды дамытуға бөлінетін қаражат мардымсыз. Сондықтан да біз бүгінгі күні Үкіметке арнайы ұсыныс жасап, жерді өңдеуге алған адам сүт, ет пен жұмыртқа өндіру бойынша жауапкершіліктен қашпауы керектігін алға тартып отырмыз, деді Коммунистік халық партиясының өкілі, Парламент Мәжілісінің депутаты Владислав Косарев Орталық телекоммуникация қызметінде болған брифингте.

Журналистер алдына шыққан депутат, сондай-ақ, мемлекеттік шенеуніктерді бүгінгі жағдай талап ететіндей деңгейде жұмыс жасай алмай отыр деп сынға алды. Мемлекеттік шенеунік, мейлі ол министр болсын, мейлі премьер немесе жергілікті деңгейдегі шенеунік болсын бас­ты нәрсені естен шығармауы керек – ол халық үшін қызмет етіп, ел үшін еңбек ету. Ал біздің шенеуніктердің көпшілігі қазір мұны түсініңкіремейтін тәрізді, олардың біздің жағдайымыз талап ететіндей деңгейде жұмыс атқару қолдарынан келмейді, дей келе, депутат Үкіметтің ет, сүт өнімдерін өндірушілерді қолдау қажеттігін атап көрсетті. Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы саласында басты мәселе сүт жинау мен оны өңдеуге келіп тірелетініне тоқталды.

Қазір Қазақстанда сүттің 30 пайызы ғана өңделіп жүр, ет өндірісінде де дәл осындай проблемалар қордаланған. Ал мәселенің мәнісі жердің бәрі жекешенің қолында болып отырғандығында, деп түйіп айтқан депутат, халықты жұмыспен қамту мәселесіндегі ойларын да ортаға салды. Жұмыспен қамту мәселесі – бұл біздің пар­тияның мәселесі. Біз партия құ­рыл­ғалы осы жұмыспен айналы­сып келеміз. Сондықтан да, аза­маттарды жұмыспен қамту мә­селесі қыруар қаражатты қажет етпейді деп санаймыз. Үдемелі ин­дустриялық-инновациялық да­му бағдарламасы бойынша бір жұмыс орнын ашу үшін 260 доллар кетсе, ал ауылда өнім шығару үшін екі қолға бір күрек болса да жетіп жатыр, деді фракция жетекшісі.

Коммунист-депутат Жамбыл Ахметбеков өз сөзінде Үкімет жұмысына көңілдердің толмайтын тұсына тоқталды. Бюджеттік бағдарламалардың орынсыз қымбаттауын түсінікті тілмен айтар болсақ, ол қазынаның қаржысын талан-таражға салуды заңдастыру деп түсінуге болады, деген ол мектеп пен ауруханалар салынуы сметасында бір-бірінен өте көп мөлшерде алшақ жатқан айырмашылықтың болуын ақша қымқырудың жолы деп қабылдайтындарын білдір­ді. Сондай-ақ, коммунистер фрак­циясының мәселені қарап, Үкі­метке елімізде салынатын әлеу­меттік нысандардың барлығын ортақ типті жобамен салу туралы ұсы­ныстарын, депутаттық сауал­дарын жібергендерін ортаға салған.

Ж.Ахметбеков «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» басшыларын жауапқа тартып, оларға өтіп кеткен 12 пәтерді қайтарумен мәселе толыққанды шешілді деп айтуға болмайтынын алға тартты. Қазір баспанасыз халықтың үміті Үкіметте. Ал Үкімет өзінің нақты жоспарын әлі күнге дейін ұсына алмай отыр. Астана мен Алматы қалаларында әрбір шаршы метрі 3-5 мың доллар тұратын элиталық үйлердің орнына 5-7 есе арзан, 500-750 доллар тұратын бұқара халыққа қолжетімді баспананы неге салмасқа? Ипотекалық несие­ге үй алған азаматтар банктердің аяусыз қақпанына түсіп, олардың «пайыздық үстемесіне» жем болып жатыр. Қазіргі кезде бұл мәселе әлеуметтік маңызы бар үлкен проблемаға айналды. Үкімет болса, осы проблеманың шешімін таппай, алыстан бақылап отыр, деді Ж.Ахметбеков.

Депутат әрі қарайғы ойының желісін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтеріне тарифтердің қымбаттауына бұрды. Шындығында, бұл – өте күрделі мәселе. Жүргізілген тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы реформалар тұрғындардың мүдделерін ескермей жасалды. Осының салдарынан монополист компаниялардың «тәбетіне» Үкімет тарапынан ты­йым болмауы халықтың орынды наразылығын тудырып отыр, дей келе, сөзінің жалаң айыптау емес, нақты деректер мен фактілерге негізделген шынайы ақпарат екенін алға тартты. Үкіметтің әрекетсіздігі монополистердің халықтың есебінен пайда табуына жол беріп отыр. Табиғи монополистер туралы заңның нормаларына сәйкес тұтынушылардың есептегіш құралдары болуы тиіс. Бұл монополист компания есебінен орнатылуы керек. Алайда, олар есептегіш құралдарды орнатудың орнына сараланған тарифтер арқылы 200-300 есе пайызбен пайда тауып отыр. Жылу, су, газбен қамтамасыз ету мәселелерінде де монополистердің әрекетін әшкерелейтін нақты дәлелдер баршылық. Біз осыларға байланыс­ты Үкіметке депутаттық сауал жолдағанбыз, деді Ж.Ахметбеков.

Ал Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров елдегі зейнетақы жүйесін жаңғырту мәселелеріне тоқтала келе, бұған қатысты партияның өз ұстанымы бар екенін жеткізді. Әрине, зейнетақының бірыңғай жинақтау қорын құруға қатысты біз өз пікірімізді білдірдік, біз ондай қордың құрылуын қолдаймыз. Алайда, уақыт көрсетіп отыр­ға­нындай, жекеменшік жинақтаушы зей­нетақы қорларынан қаражат тартуда үлкен проблемалар туындап отыр. Соған орай, біздің партияның зейнетақы жүйесін жаңғыртуға қатысты негізгі ұстанымы – бізге зейнетақының ынтымақты жүйесіне оралу қажеттігі, деді А.Қоңыров.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

АСТАНА.

Соңғы жаңалықтар