Аймақтар • 15 Қазан, 2020

Атырауда мектептердегі санитарлық ахуал талқыланды

253 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс әкімдігінде өткен кеңесте коронавирус инфекциясының екінші толқынының алдын алу, қазіргі санитарлық ахуал талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz

Атырауда мектептердегі санитарлық ахуал талқыланды

Облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың айтуынша, 196 мектеп бар. Қазір 23 мың оқушы мектептердегі кезекші сыныптарда білім алуда. Өңірдегі білім ошақтарының санитарлық ахуалын зерделеген мониторингтік топтар бірқатар олқылықтың барын анықтапты. Мәселен, мектептерде санитарлық құралдардың жоқтығы, тіркеу журналдары мен медициналық маскалардың болмауы індеттен сақтану шараларының босаңсығанын байқатып отыр.

"Ата-аналар балаларын мектепке білім алу үшін жібереді. Сол себептен, мектептерде  оқушылардың қауіпсіздігі басты назарға алынуы керек. Осы орайда бұған мектеп директорлары мен бірінші басшылық жауапкершілікпен қарауы тиіс. Бұл – халықтың аманаты", деді Б.Хаменова.

Мектеп басшыларының ақпаратына қарағанда, мониторингтік топтар анықтаған  кемшіліктер жойылыпты. Енді олар мұндай кемшіліктерге жол берілмейтініне сендіріп отыр.

Облыс әкімінің орынбасары Ержан Әбілхановтың пікірінше, кәсіпкерлердің де қауіпсіздік шараларына бейжай қарамағаны жөн. Бұған мониторингтік топ өкілдерінің рейдке төтенше жағдайлар саласының мамандарын қосу жөніндегі ұсынысы себеп болып отыр.  Өйткені, көптеген нысанның иелері есік ашпай, қиындық тудыратыны жасырын емес.