Қазақстан • 16 Қазан, 2020

Ұлттық Банк еліміздің студенттерін өндірістік тәжірибеден өткізеді

128 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Ұлттық Банкі дарынды жастарды іздеу және ҚҰБ құрылымында жұмыс жасауға тарту мақсатында жоғары оқу орындарының студенттерін практикадан өтуге қабылдауын хабарлайды, деп жазады Egemen.kz.

Ұлттық Банк еліміздің студенттерін өндірістік тәжірибеден өткізеді

"Үміткерлер келесі талаптарға сәйкес болуға тиіс:            

  1. Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша бітіру курстарында оқу;
  2. Үлгерімнің орташа балы (GPA) – кемінде 3.0 (білімді бағалаудың 4 балдық жүйесі кезінде) немесе кемінде 4.0 (білімді бағалаудың 5 балдық жүйесі кезінде).

Іріктеуге қатысу үшін келесі құжаттарды жіберу қажет:

  1. Тіркеу формасы;
  2. Жоғары оқу орнының басшылығынан немесе жоғары оқу орнының факультет басшылығынан ұсыным хат;
  3. Үлгерімнің орташа балын (GPA) көрсете отырып, өткен пәндер мен олар бойынша бағалар (транскрипт) көрсетілген құжат;
  4. Студенттің жоғары оқу орнында оқуын растайтын оқу орнынан анықтама;

Қосымша келесі құжаттар ұсынылу мүмкін:

  1. Шет тілінен емтихан тапсырғаны туралы халықаралық сертификаттардың көшірмелері (IELTS, TOEFL және т.б.);
  2. Сертификаттардың, грамоталардың, дипломдардың және т.б. көшірмелері.

Практиканы Ұлттық Банкінің барлық қызмет бағыттарында өту мүмкін. Студенттер алынған  теориялық білімді практикада бекітуге және де дипломдық/магистрлік жобаны жазуға қажетті материалды жинақтауға мүмкіндік алады", делінген хабарламада.

Соңғы үш жылда Ұлттық Банкте 134 студент практикадан өткен.