Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің еліміздегі іргелі жоғары оқу орындары арасында салмағы бар екенін көпшілік жақсы біледі. Алқаның екінші жағы бар дегендей, университет қабырғасында оқып жүргенде дене тәрбиесімен шұғылданып, халықаралық жарыстарда топ жарған саңлақтардың көп екенін көпшілік біле бермес. Қазір де оқу орнының студенттері, Президент Қ.Тоқаев айтқандай, бұқаралық спортқа ден қоюда. Әрине пандемияның аяққа тұсау болғаны сөзсіз. Сонда да студенттер амалын тауып өздері ұнататын бұқаралық спортты насихаттап жүр. Біз университет ректоры Мұхтар Төлегенге жолығып, оқу орнындағы жаңалықтар, биыл құрылғанына 55 жыл толған факультетте осы уақытта қанша кадрлар даярланғаны, дүбірлі жарыстарда қандай нәтижелерге жеткені жайлы айтып беруін өтінген едік.

– 1965 жылы Өскемен педагогикалық институтының Жаратылыстану факультеті құрамына дене тәрбиесі бөлімі енді. Ол кезде факультетті И.Самусеев басқаратын. Ал арада екі жылдан кейін дене тәрбиесі факультеті өз алдына шаңырақ құрды. Деканы болып, қазақ тілінің майын тамызатын, қазақ балаларына ерекше қамқорлық жасаған А.Н.Трунов тағайындалды. Бастапқыда факультетте небәрі төрт кафедра болды. Олар: Теория және дене тәрбиесі мен спорт методикасы, гимнастика, спорт тәртібі және дене тәрбиесінің жалпы кафедралары.
55 жылда институтты 8 мыңнан астам жоғары білімді мамандар бітіріп шықты. Осы уақытта біздің оқу орнының қабырғасынан 6 Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, 22 еңбек сіңірген жаттықтырушы, 30-дан астам Олимпия ойындары мен әлем чемпиондары шықты. Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасының капитаны, Олимпиада чемпионы Борис Александров, әлем чемпионы Евгений Поладьев, конькимен жүгіруден бірнеше дүркін әлем чемпиондары, дүниежүзілік рекордты бірнеше рет жаңартқан Владимир Козлов пен Константин Коротков, Сергей Рябев – біздің мақтанышымыз.
В.Козлов 1959 жылдың бірінші тамызында Өскеменде дүниеге келді. Алғашқы бапкері облыстық спорт комитеті жанындағы спорт мектебінің жаттықтырушысы Николай Князев. Бала кезінен конькиді ұнататын Володя тынбай жаттығып, ақыры биік белестерді бағындырды. 1982-1983 жылдары қатарынан екі рет (500 метрге) әлем чемпионы атанса, 1984 жылы КСРО-да оған ешкім тең келмеді. Әлем рекордын жаңартты. Константин Коротков та Өскеменнің атағын айдай әлемне паш етті. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері бірнеше рет КСРО біріншіліктерінде, халықаралық жарыстарда топ жарды.
Бұл деректерді неге айтып отырмын? Себебі тәуелсіздік алғалы қызығы көп қысқы спортта Кенді Алтай ғана емес, ел желаяқтары да Олимпия ойындары мен әлем чемпионаттарында жүлдеден қағылып келеді. Бұл – ойланатын мәселе. Алдағы уақтта қысқы спорт түрлерін елімізде дұрыс бағытқа бұратын уақыт жетті. Ол үшін өзіміздің мықты бапкерлер болашағынан үміт күттіретін жастарға көңіл бөліп, арнайы бағдарлама бойынша дайындаса. Жоғарыда айтқан Николай Князев айшылық алыста емес, Алматыда тұрады, «Динамо» республикалық спорт қоғамында басшылық қызметте. Егер білімді де білікті маманмен ақылдасып, елімізде қысқы спортты дамыту бағдарламасына түзету енгізсе, қысқы Олимпия ойындарында алтын мен күмісті күреп алып жүрген Норвегия, Аустрия, Германия саңлақтарының тәжірибесін бөліссе, Қазақ елінің шаңғышылар мен конькишілері, басқа спорт түрлерінің шеберлері де Олимп шыңына көтерілер еді. Меніңше, Риддердегі қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық бағыттағы мектеп-интернат-колледжде конькимен жүгіру, шорт-трек түрлеріне баулитын бөлім ашса орынды болар еді. Жақында ғана бұл оқу орнына тәжірибелі басшы, кикбокстан әлемнің бес дүркін чемпионы Асқар Можанов тағайындалды. Біз одан үміт күтеміз.
Студент кездің өзінде Одақтың «Труд-2» қоғамдық бірлестігінің екі дүркін чемпионы атанған боксшы Марат Орманбетов, самбо, дзюдодан еліміздің бірнеше дүркін чемпионы, жүзден астам еліміздің чемпиондары мен Олимпиада жүлдегерін баптаған Жанәділ Атаев, Азия ойындарының бірнеше дүркін чемпиондары А.Шишкина, Оксана Яцкая, Сергей Черепанов, А.Духно, С.Рябев, Н.Турукало тағы басқалар біздің мақтанышымыз.
Біздің оқу орнын бітірген бірнеше түлегіміз спортта жоғары нәтиже көрсетіп қана қоймай, лауазымды қызметтердің тізгінін ұстап, ел спортының өркендеуіне ерекше үлес қосты. Соның бірі – педагогика ғылымдарының докторы, профессор, төрт Олимпия ойындарында еліміздің шеф-де-миссионы қызметін атқарған Анатөлі Күлназаров. Институттың дене тәрбиесі факультетін үздік бітірген ағамыз Шымқора ауылында балаларды спортқа баулыды. Ақыры бірнеше рет еліміздің спорт саласын басқаратын дәрежеге жетті. Үнемі ізденіп, білімі мен біліктілігін жетілдірудің биік белестерге жетелейтінін қазіргі жастарымыз түсінсе, нұр үстіне нұр. Сонымен бірге Н.Войтов, А.Гречухин, М.Орманбетов сияқты түлектеріміз де спорт саласында басшылық жасады. А.Трунов, В.Васильченко, М.Жақсылықов, И.Плешкань, Ж.Атаев сияқты ағаларымыз да халықаралық, ұлттық дәрежедегі төреші болды.
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде қазір ірілендірілген төрт факультет бар. 10 мамандық бойынша докторантура бар. Бізде отызға тарта ғылым докторы, екі жүзден астам ғылым кандидаты қызмет етеді. Бұдан екі жыл бұрын оқу орнында «Рухани жаңғыру» залы пайдалануға берілді. Түрлі ғылыми кеңестер, басқа жақтан келген құрметті қонақтар «Рухани жаңғыру» залында студенттермен кездеседі, пікір алмасады. Үстіміздегі жылдың ақпан айында оқу орнының ұстаздары мен студенттері 2005-2006 жылдары оқу орнын басқарған техника ғылымдарының докторы, профессор Әшімжан Ахметовтің 70 жылдығына орай еске алу кешін өткізді. Ғылыми-теориялық конференцияға ғалымның зайыбы Дина Омарова, Әшімжанның сыныптас досы, қазақтың аса көрнекті сықақшысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері Көпен Әмірбек қатысып, естеліктер айтты. Соңынан Әшімжан Ахметов атындағы лаборатория ашылды.
Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру, олардың бойында отансүйгіштік қасиеттерді сіңіру мақсатында өткен жылы университетте Қабанбай атындағы әскери кафедра ашылды. Онда білім алған жастар спорттық жарыстарға да белсене араласады. Университеттің «Чайка» атты бассейнінде су спорты түрлері бойынша жаттығулар жүреді.
Қазіргі кезде біз университет қабырғасында оқумен бірге ел намысы үшін байрақты бәсекелерде топ жарып жүрген студенттерімізді басқаларға үлгі етеміз. Мәселен, біздің студенттер Әлихан Әсетов, Сергей Кудрявцев, Степан Александров, Алексей Шестаков бұдан төрт жыл бұрын Мажарстанда өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында алтыннан алқа тақты. С.Кудрявцев шайбалы хоккейден Азияның екі дүркін чемпионы, Алматыда өткен студенттердің Дүниежүзілік универсиадасында күміс медальды иеленді. Ерзат Сақабанов деген студентіміз Ресейдің Түмен қаласында гір спортынан жалауы желбіреген әлем чемпионатында алтын, сосын Германияның Гамбургіндегі дүниежүзілік додада қола медаль еншіледі. Тағы бір түлегіміз Қуаныш Шектібаев 2016 жылы гір спортынан өткен әлем біріншілігінде күміс алқаны ел қоржынына салды. Федор Сухоносов деген 1-курс студенті спорттық бағдарлаудан Азия біріншілігінде қола медаль иеленді. Анна Феклистова, Артем Супанев сияқты жастар да университет абыройын асқақтатып, қол күресі мен көркем гимнастикадан өткен байрақты бәсекелерден жеңіспен оралды.
Самат Сүлейменов, Еламан Көкенов деген шәкірттеріміз волейболдан тамаша нәтиже көрсете бастады. Олар қазіргі күні «Алтай» спорт клубының негізгі және қосалқы құрамасында өнер көрсетуде. Динара Сыздықова, Гүлназ Алтаева, Анель Бауыржанова, Жансерік Жұмағалиев, Даниил Сенкевич сияқты болашағынан үміт күттіретін жастарымыз да волейболдан түрлі командаларда өнер көрсетуде. Мөлдір Талғатова деген бойжеткен Алматыда өткен Жазғы универсиадада, облыс біріншілігінде қол күресінен алдына жан салмады. Жыл басында Өскеменде қысқы спорт түрлерінен еліміздің жоғары оқу орындарында оқитын студенттер арасында Универсиада өтті. Аманжолов университетінің студенттері бұл жолы да намысты жанып, қыздар бірінші, ал ұлдарымыз үшінші орынға ие болды. Пандемияға байланысты қазір спортшы-студенттеріміз дүбірлі жарыстардың көрігін қыздыра алмауда. Алайда олар ретін тауып жаттығып жүр. Алдағы уақытта да Шығыстың ұл-қыздары спортта жеңістерге жете бермек.
Жазып алған
Оңдасын ЕЛУБАЙ,
Қазақстанның құрметті спорт қайраткері
ӨСКЕМЕН
Өскеменде көпқабатты үйдің қабырғасы қарс айырылды
Аймақтар • Бүгін, 16:40
Қордай ауданында құрылыс қарқынды жүргізілуде
Аймақтар • Бүгін, 16:27
Вакцинадан бас тартқандарға айыппұл салына ма?
Қоғам • Бүгін, 16:26
Қазақстан мен Армения саяси кеңес өткізді
Қазақстан • Бүгін, 16:25
Елорда • Бүгін, 16:21
Биыл 1000 мектеп қайта жаңартылады
Білім • Бүгін, 16:11
Ерекше балаларға жағдай жасамаған директорлар жазаланады
Білім • Бүгін, 16:01
Елімізде 2 607 жаңа басқару нысаны құрылды
Қазақстан • Бүгін, 15:37
Шығыс Қазақстанда ғылымның 8 бағыты қамтылды
Ғылым • Бүгін, 15:17
Президентке елдегі блокчейн-технологиялардың дамуы жайында баяндалды
Президент • Бүгін, 15:14
Каспий теңізінен 20 шақты түйенің өлексесі табылды
Оқиға • Бүгін, 15:12
Еліміздің бас санитарлық дәрігері сөгіс алды
Медицина • Бүгін, 15:10
Әскери ұшақтың апатқа ұшырау себебі айтылды
• Бүгін, 14:31
«Эпидемиямен қалай күресу керектігін білемін»: Біртанов бостандық сұрады
Медицина • Бүгін, 14:30
Қордай ауданының Масаншы ауылында техника 60-70 пайызға жаңарған
Аймақтар • Бүгін, 14:18
Елшілік АҚШ пен Қазақстан арасындағы визасыз режимге қатысты пікір білдірді
Қазақстан • Бүгін, 13:42
Қазақстан боксшыларының жейдесінде белгі неге жоқ?
Бокс • Бүгін, 13:28
Қазақстандықтар экологияны ластайтын отын түрлерін тұтынады
Экология • Бүгін, 13:25
Ауа райы • Бүгін, 12:57
Балалар 500 мың теңгеден сатылып жатыр
Қоғам • Бүгін, 12:47
Алты айдан бері үйқамақта отырған Біртановтың фотосы тарады
• Бүгін, 12:31
Көш басында – «Манчестер Сити»
Футбол • Бүгін, 12:21
NIS пен PIIMA ынтымақтастық меморандумына қол қойылды
Білім • Бүгін, 12:18
Аймақтар • Бүгін, 12:15
Нұрсұлтан Назарбаевтың орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 12:11
Депутат мұғалім мен дәрігерден өзге қызметкердің де жалақысын көтеруді ұсынды
Қоғам • Бүгін, 12:05
«Челси» Суперлигадан бас тартады
Әлем • Бүгін, 11:58
Алматыда аялдамадан нәресте табылды
Қоғам • Бүгін, 11:34
Мәжіліс бюджет заңнамасын жетiлдiру туралы заң жобасын мақұлдады
Парламент • Бүгін, 11:30
Қарағанды маңында қоқыс полигоны өртенді
• Бүгін, 11:19
Маңғыстауда теңіз жағасына шығып қалған итбалық құтқарылды
Қоғам • Бүгін, 11:14
БҚО-да отырғызылған ағаштар қурап жатыр
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Ит асыраудың да өз ережесі бар
Қоғам • Бүгін, 11:00
Аймақтар • Бүгін, 10:57
Санкт-Петербургте тағы үш боксшымыз жеңіске жетті
Кәсіпқой бокс • Бүгін, 10:51
Президент Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады
Президент • Бүгін, 10:38
Қазақстанда 766 мыңнан аса адам коронавирус вакцинасын салдырды
Коронавирус • Бүгін, 10:28
Аймақтар • Бүгін, 10:10
Жетісу диқандары жер игеріп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 10:07
Еліміздің тағы екі өңірі «қызыл» аймаққа кірді
Коронавирус • Бүгін, 10:03
Таразда мектеп оқушылары арасында атыс болған
Аймақтар • Бүгін, 09:57
Қазақстанда 14 мыңнан астам шетелдік азамат еңбек етіп жүр
Қоғам • Бүгін, 09:53
Сарыағашта пайдаланылмай жатқан 765 гектар жер мемлекетке қайтарылды
Аймақтар • Бүгін, 09:33
Елбасы Боао форумына қатысушыларға бейнеүндеу жасады
Елбасы • Бүгін, 09:32
Нұр-Сұлтанда жасөспірімдерге арналған «Динамо» аула клубы ашылды
Қоғам • Бүгін, 09:27
Павлодар ауданында алқаптағы құрғақ шөп өртенді
Оқиға • Бүгін, 09:26
Қазақстанда бір тәулікте 2696 адам коронавирусқа шалдықты
Коронавирус • Бүгін, 09:16
Елімізде коронавирустан жазылғандар саны 252 мыңнан асты
Коронавирус • Бүгін, 09:13
Техникалық мамандықтар: армандарды жүзеге асырудың мүмкіндіктері
Білім • Бүгін, 09:12
Қостанайда ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 09:05
Руханият • Бүгін, 08:31
Жаңатастық жүргізушілер жұмада жақсылық жасайды
Қоғам • Бүгін, 08:27
Отандық вакцинаны қолдану жоспарда бар
Медицина • Бүгін, 08:20
Тасқын суларды өткізу жағдайы тұрақты
Қоғам • Бүгін, 08:09
Елбасы • Бүгін, 08:03
Көмір индустриясындағы маңызды келісім
Экономика • Бүгін, 07:59
Аяқ киімді цифрлы таңбалау енгізіледі
Технология • Бүгін, 07:49
Жеке куәліктің қажеті болмайды
Саясат • Бүгін, 07:47
Көлік құралының электронды паспорты
Технология • Бүгін, 07:45
Егуге қарсы адамдардың медицинаға еш қатысы жоқ
Қоғам • Бүгін, 07:45
Сот орындаушылары шектен шығып жүрген жоқ па?
Саясат • Бүгін, 07:43
Руханият • Бүгін, 07:38
«Абай әлемі – адастырмас шамшырақ»
Абай • Бүгін, 07:37
Оқиға • Бүгін, 07:34
Аймақтар • Бүгін, 07:33
Қай елдің сардарларын даярлап жүрміз?
Аймақтар • Бүгін, 07:30
Докторантураға түсу кезінде шығармашылыққа көңіл бөлінеді
Білім • Бүгін, 07:28
Құбырдағы судың сапасы қандай?
Қоғам • Бүгін, 07:28
Қоғам • Бүгін, 07:24
Ұқсас жаңалықтар