Елорда • 19 Қазан, 2020

Назарбаев Университетінің студенттік оркестрі онлайн-концерттер өткізуде

251 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Пандемия кезінде карантинге байланысты концерт өткізу мүмкін болмағандықтан, NU Orchestra студенттер музыкалық тобының мүшелері бір-бірінен жүздеген шақырым қашықтықта музыкалық қойылымдар түсіруде. Әр музыкант шығармадан өз бөлігін ойнайды, содан кейін олардың орындаулары бір үйлесімді композицияға біріктіріледі, деп хабарлайды Egemen.kz

Назарбаев Университетінің студенттік оркестрі онлайн-концерттер өткізуде

"2018 жылдан бастап жыл сайын Назарбаев Университетінде үлкен оркестрлік концерттер өткізіліп келеді. Биыл да өткізу жоспарланып, ұжым оған дайындалды. Бірақ, өкінішке орай, пандемия кезінде бұл жоспарлэдан бас тартуға тура келді. Біз концерттерді онлайн форматта жазуды шештік", деді топ мүшелерінің бірі, 4 курс студенті, NU Orchestra скрипкашысы Айза Айтқожина.

Ерекше форматта жас музыканттар "Адай", "Көзімнің қарасы", "Кішкентай", "Ер Тұран", "Мінезің көркем" сияқты танымал қазақ шығармаларын жазды. Топ жыл соңына дейін 12 ән орындауды жоспарлап отыр.

"Біздің дыбыс режиссері дайындаған әуенге әрбір оркестр ойнаушысы тұрғылықты қаласынан өз партиясын жазады. Бір композицияны жасауға 30-40 музыкант қатысады, ал дыбыс режиссері осы 40 тректі бір аудио файлға біріктіріп өңдейді. Сонымен қатар қатысушылар өздерін видеоға түсіруде. Соңында барлық материалдар өңделеді", дейді Айза Айтқожина өзінің оркестрлік бейнежазба технологиясымен бөлісіп.

Назарбаев Университеті студенттерінің оркестрі 15 музыкалық аспапты қолданады. Олардың арасында ұлттық аспаптар – домбыра, қобыз, сазсырнай, симфониялық – скрипка, саксофон, электр гитара, фортепиано және басқалары бар.

Музыкалық топтың барлық мүшелері – әртүрлі ғылыми мамандықтарда оқитын НУ студенттері. Оқуды бітіргеннен кейін де олардың көпшілігі оркестр өміріне қатысуды жалғастырады.