Қазақстан • 19 Қазан, 2020

Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің ұсыныстары

138 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева атап өткендей, маска тағу қазір өмірлік қажеттілікке айналды. Бұл жақындарыңыз бен жаныңыздағы отандастарыңызды қауіпті аурудан сақтай алады. Көбіне қала тұрғындары масканы иегіне тағып, бірнеше күнде бір реттен сирек ауыстырады. Бұл мүлдем дұрыс емес, өйткені осылайша олар өзінің ғана емес, өзгенің де өміріне қауіп төндіреді.

Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің ұсыныстары

"Бүгінде барлық қоғамдық орындарда маска тағу қажет, олар міндетті түрде болуы керек. Мұны дұрыс жасау маңызды. Оларды үйден шығар алдында тағу керек. Ең дұрысы, маска бетке тығыз орналасып, иекті жауып тұруы керек. Оны мұрыннан төмендетудің қажеті жоқ, бұл өрескел бұзушылық. Көшеде масканы ұстамауға тырысыңыз, орнын ауыстырмаңыз, оны иекке және артқа қарай жылжытпаңыз. Масканың жоғарғы бөлігінде мұрынға тығыз басуға мүмкіндік беретін икемді металл сым бар. Сонымен қатар бұл қорғаныс құралын екі сағат сайын ауыстырып отыру, ескіргендерін арнайы қоқыс жәшіктеріне лақтыру керек", - дейді Нұр-Сұлтанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері.

Егер сіз қайта қолдануға болатын маска сатып алған болсаңыз, оны қолданғаннан кейін кір сабынмен немесе жуғыш затпен жуу керек. Содан кейін оны үтіктеп, қорғаныс құралын дымқыл қалдырмау қажет. Дәрігерлердің айтуынша, маскалар бүгінде COVID-19 ауруына қатысты ахуалды бақылауда ұстауға мүмкіндік беретін құралдардың бірі.

"Маскасыз серуендеген адамға жаза қарастырылған, полиция әкімшілік хаттама жасайды. Карантин режимін және жеке тұлғаларға арналған санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзғаны үшін айыппұл мөлшері 30 АЕК немесе 83 340 теңгені құрайды", - деп атап өтті Жанна Пірәлиева.

14 қазаннан бастап елордада карантин режимі күшейтілді. Нотариустардың, бизнес орталықтардың, ойын-сауық мекемелерінің жұмыс уақыты қысқарды. Коронавирусқа ПТР-тест тапсырғысы келетіндер үшін елордада 15 пункт бар, бұл қызметтің орташа бағасы 10 мың теңгені құрайды.

 

Ұқсас жаңалықтар