Желіде Қазақстанда қашықтан оқыту форматы 2021-2022 оқу жылына ұзартылады деген қауесет тарады. Білім және ғылым министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.
Ведомствода атап өткендей, бірінші тоқсан 5 қарашада аяқталады. Карантин жағдайында санитарлық талаптар бойынша оқушылар қашықтықтан оқиды. Ата-аналардың тілектерін ескере отырып, 1-4 сынып оқушылары үшін кезекші сыныптар жұмыс істейді. Бір сыныпта оқитын оқушы саны 15-тен аспауы тиіс.
"Екінші тоқсанға қатысты біз Денсаулық сақтау министрлігінің шешімін күтеміз. Бас санитарлық дәрігер тиісті қаулы қабылдайды. Денсаулық сақтау министрлігінен ақпарат алған соң, барлық ата - аналар мен оқушыларды дереу хабардар етеміз", деп хабарлады Білім министрлігінің баспасөз қызметі.