Ашылған күннен бастап орталыққа 64 636 сұрақ бойынша 36 169 адам хабарласқан. Оның ішінде 53 595 мәселеге жүйелі кеңестер берілді, 11 041 мәселені шешуге шаралар қабылданды.
"Өтініш білдіргендердің 60%-ы атаулы әлеуметтік көмек тағайындау сұрақтары (35 175), 8% - тұрғын үй (5 051), 5% - кәсіпкерлік (2 652), 4% - заң көмегі (2044), 4% - жұмыспен қамту және басқалары", - деп атап өтті орталықта.
Мәселелердің басым көпшілігін шешу бойынша шаралар қабылданды. Сонымен қатар атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға құжаттар қабылданды, Бірыңғай жинақтау қорының қызметтері көрсетілді, тұрғын үй мәселелеріне, жұмысқа орналасуға, құқықтық және психологиялық көмек көрсетілді.