Медицина • 21 Қазан, 2020

Алматыдағы ауруханаларды аралады

415 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Алматы қаласындағы А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының жұмысымен танысты. Ведомство басшысы орталықтағы клиникалық-диагностикалық зертханада, рентген-хирургия, интервенциялық кардиология және аритмология бөлімшесінде, сондай-ақ гепатопанкреатобилиарлық хирургия және бауыр трансплантациясы бөлімшесін аралады.

Алматыдағы ауруханаларды аралады

Аталған орталық Ден­сау­лық сақтау министрлігінің қол­дауымен отандық хирур­гия­ның көшбасшысы санала­ды. Мұндағы маман­дар ха­лыққа жоғары техноло­гия­­лық медициналық қыз­­мет көр­сету бойынша үздік ұйым­дас­тырушылық-әдісте­ме­лік тә­жірибе жинақтаған. А.Н.Сыз­­ғанов атындағы ұлт­тық ғы­лыми хирургия орта­лы­ғы еліміздегі көпбейінді ме­­­ди­­циналық клиникалары ара­­сында жетекші орын алады. Мұн­да хирургиялық емнің бар­лық түрі бар, сондай-ақ транс­­план­тологиялық көмек көрсе­тіледі.

Сапар қорытындысы бо­йынша А.Цой орталық жұмы­сының сапасын жоғары баға­лап, ұжымға табыс тіледі. Со­ны­мен қатар Денсаулық сақ­тау министрі Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтына да барды. Министр 18 жасқа дейінгі балалар бөлімшесінің жұмысы­мен танысты. Мемлекет-жеке­мен­шік әріптестік аясында ашыл­ған заманауи ПЭТ/КТ ор­талығын аралап көрді. Қа­зақ онкология және радио­логия ҒЗИ онкологиялық ауру­лардың алдын алуға, ерте диагностикалауға, тиімді ем­деуге және оңалтуға бағыт­тал­ған мемлекеттік саясатты іске асырады. Институт кли­никасында жыл сайын 8 500-ден астам пациент емделеді, жылына 1500-ден астам хирур­гиялық операция жасалады.

Институтта республика бо­йынша қатерлі ісіктің бел­­гілі бір түрін емдейтін бірегей бөлімшелер жұмыс істейді. Қазақ онкология және радиология ҒЗИ қатерлі ісіктерді дәрімен емдеудің заманауи қағидалары, соның ішінде тар­геттік терапия, жоғары до­залы химиотерапия және имуунотерапия кеңінен қол­да­нылады. Клиника ісікті толыққанды, жан-жақты диаг­ностикалау мен емдеу үшін за­манауи жабдықтарымен жаб­дықталған. Институт зертха­­насында жалпы клини­ка­­лық зерттеуден бастап моле­кулалық-генетикалық зерттеу­лерге дейін жасалады.