16 Қараша, 2013

Әмбебап полицейлер әлеуеті

390 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Жазаны қатаңдату қадамдары оң нәтижесін береді деп күтілуде

Әмбебап полицейлер па­труль­­­­дік және жол полициясы бөлі­ністерінің бірігуі нәти­же­сінде құрылды. Бұдан бұрын хабар­ланғанындай, Үкімет қаулысына сәйкес Әкімшілік полиция комитеті Жол полициясы комитетін қосу арқылы қайта құрылды. Аумақтық ішкі істер органдарында осыған ұқсас Әкімшілік полиция басқармалары, аудандық буында тиісті бөлімдер (бөлімшелер), сондай-ақ жол-па­­труль­дік поли­циясының саптық бөліністері жа­сақталды. Еліміздің ішкі істер органдарының жол-патрульдік полициясы саптық бөліністерінің үлгі құрылымдары мен штаттары бекітілді.

Жазаны қатаңдату қадамдары оң нәтижесін береді деп күтілуде

Әмбебап полицейлер па­труль­­­­дік және жол полициясы бөлі­ністерінің бірігуі нәти­же­сінде құрылды. Бұдан бұрын хабар­ланғанындай, Үкімет қаулысына сәйкес Әкімшілік полиция комитеті Жол полициясы комитетін қосу арқылы қайта құрылды. Аумақтық ішкі істер органдарында осыған ұқсас Әкімшілік полиция басқармалары, аудандық буында тиісті бөлімдер (бөлімшелер), сондай-ақ жол-па­­труль­дік поли­циясының саптық бөліністері жа­сақталды. Еліміздің ішкі істер органдарының жол-патрульдік полициясы саптық бөліністерінің үлгі құрылымдары мен штаттары бекітілді.

Әмбебап полицейлерді басқалар­дан айыру мақсатында біз жаңа кеуде жетондарын, сондай-ақ нысандық киімге тігілетін шеврондар әзірледік. Келесі жылдан бастап нысандық киім-кешекті де өзгертуді, яғни бүгінгі күні барлық жерде пайдаланылатын китель мен жазғы бас киімді пайдаланбай, ыңғайлы жеңіл киім киюді жоспар­лап отырмыз.

Мемлекеттік стандартқа сәй­кес арнайы автомашиналарға қол­даныстағы «Жол полициясы» және «Патрульдік полиция» сөздері «Жол-патрульдік полициясы» сөздеріне ауыстырылып, түстiк-графикалық схемалар, айыру жазулары жазылды, сондай-ақ олар арнайы жарық және дыбыстық белгілермен жабдықталды.

Сонымен қатар, ІІМ Қазақ­стан­ның теңге сарайымен бірлесіп, жол-патрульдік полициясының әрбір қыз­меткеріне берілетін және өңірдің реттік нөмірінен және үш цифрдан тұратын жеке кодты қамтитын жаңа кеуде белгісінің дизайнын дайындады.

Мұндай реформа жол қауіп­сіз­дігі жағдайы мен қоғамдық тәртіпті қорғауда оң нәтижесін беруі тиіс деп үміттенеміз. Өйткені, елімізде апат­­­­­­­­тылық жағдайы күрделі күйінде қалып отыр. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2013 жылғы 11 қазанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында ЖКО-лар салдарынан қаза тапқан адамдардың саны өсуіне байланысты алаңдаушылығын білдіргені мәлім.

Жолдардағы ахуалды жақсарту мақ­­сатында қазіргі уақытта бір­қа­тар ұйым­­­­­­­­­дастырушылық және тәжірибелік шаралар қабылдануда. Мәселен, жолдардағы бақылау күшейтілді. 21-27 қазан аралы­ғын­да «Қауіпсіз жол» ауқымды пр­о­филактикалық іс-шарасы өткі­зілді, оған әкімшілік полиция бөлі­ністерінің ең көп күші мен құралдары тартылды.

Профилактикалық іс-шара өткізу кезеңінде 54 378 ереже бұзушылық анықталып, бірқа­та­рының жолы кесілді. Оның ішін­де көлік құралын алкогольді ішім­дік ішіп алып басқарудың – 1 307, жүргізуші куәлігінсіз бас­қару­дың – 563, басқару құқы­ғы­нан айырылған адамдардың көлік құралын басқарудың –214, жыл­дамдықты асырудың – 10 705, жолақтың қарсы бетіне шығып кетудің – 1 488, қауіпсіздік белбеу­лерін тақпаудың – 7 869, көлік құралдарының терезелерін қараң­ғылаудың – 625, көлік құра­лын басқару кезінде телефон пайда­ланудың – 3 768, міндетті техни­калық тексерусіз жүрудің – 2 071 фактісі тіркелді. Сондай-ақ, жаяу жүргіншілер жіберген 4 055 ереже бұзушылық анықталды.

Жол жүрісін техникалық ба­қылау құралдары енгізілуде. Бүгін­гі күні стационарлық автоматты тіркеу жүйелері әрбір ірі қалада (16 қала): жолдың жылдам жүру учаскелерінде, жолдың көрініс шектелген бөліктерінде және ірі жол қиылыстарында орнатыл­­­­­­­ған. Үстіміздегі жылы олардың көме­­­­гі­мен 715 000 жол жүру ережелерін бұзу анықталса, 5 млрд. теңгенің айыппұлы салынды (2,2 млрд. теңге өндірілді).

Автомобиль жолдарының жағ­дайына бақылау күшейтілді. Осы мақсатта автожолдарды тексеру үнемі жүргізілетін болды. Тек үстіміздегі жылы ғана жолдарды қанағаттанғысыз ұстағандық үшін шамамен 9 мың ұйғарым беріліп, 1,5 мың лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды. Жағдайды дұрыстау үшін «Жол жүрісі туралы» жаңа заң жобасы әзірленіп, оған ілеспе заң жобасының шеңберінде Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікті қатаңдату шаралары көзделіп отыр.

Қазіргі уақытта айыппұл көздел­ген құқық бұзушылықтардың бар­лық құрамдары бойынша үшінші құқық бұзушылық жасағаны үшін (әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде) көлікті басқару құқығынан 6 ай мерзімге айыру санкциясы енгізіледі. Мысалы, автокөлікті басқару кезінде ұялы телефонмен сөйлесіп үш рет ұсталған жүргізушілер жарты жылға көлікті басқару құқығынан айырылатын болады.

Қылмыс кодексінің жобасында көлік құралын масаң күйде басқарғаны үшін жүргізушіге бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі айыппұл, не осы мөлшердегі түзету жұмыстары, не үш жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, не екі жыл мерзімге белгілі лауазымдарды атқару немесе белгілі қызметпен айналысу құқығынан айыру не алты айға дейінгі мерзімге қамау түріндегі жаза қарастырылған.

Ерлан ТҰРҒЫМБАЕВ,

Ішкі істер министрінің орынбасары.

Соңғы жаңалықтар