Медицина • 21 Қазан, 2020

Өңірлерге 45 жылжымалы медициналық кешен жеткізілді

266 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өңірлерге 45 жылжымалы медициналық кешен жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz

Өңірлерге 45 жылжымалы медициналық кешен жеткізілді

Жалпы алыс өңірлердің тұрғындарына қызмет етуге арналған осындай 100 кешен жеткізу жоспарланып отыр. Соның арқасында ауыл халқы қалаларға және аудан орталықтарына бармай-ақ УДЗ, ЭКГ және рентген жасай алады.

Бүгінгі таңда "СарыарқаАвтоПром" Қостанай автомобиль зауыты 63 жылжымалы медициналық кешен жасап шығарды. Оның 45-і өңірлерге жөнелтіліп, 18 данасы жіберуге дайындалып жатыр. Қалған 37 кешен өндірісте. Оларды сынақтан өткізілген соң алдағы 22-23 қазанда жөнелту жоспарланып отыр.