Аймақтар • 21 Қазан, 2020

Алматыда әуежайға баратын жол уақытша жабылады

174 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласындағы әуежайға баратын жол жарты жылға дейін жабылады. Бұл туралы Алматы қалалық мобильділік басқармасының баспасөз өкілдері мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматыда әуежайға баратын жол уақытша жабылады

Себебі Бұқтырма көшесінің Құлжа тасжолы қиылысындағы жол айрығының салынуына байланысты жабылады.

"2020 жылдың 25 қазаннан бастап 2021 жылдың 1 маусымына дейін Бұқтырма көшесіндегі айналма жолдан әуежайға баратын жол жабылады. Қозғалыс Рысқұлов даңғылы, Шемякин және Майлин көшелерімен жүргізіледі", дейді баспасөз өкілдері.