Елорда • 21 Қазан, 2020

Сауда орталықтары демалыс күндері қандай жағдайда ашылады?

313 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Демалыс күндері елордадағы сауда орталықтарының қайта ашылатын күні эпидемиялық жағдайға байланысты болады. Бұл туралы Нұр-Сұлтанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Сауда орталықтары демалыс күндері қандай жағдайда ашылады?

"Әзірге эпидемиялық жағдай келесі демалыс күндері сауда орталықтарын ашуға мүмкіндік бермейді. Қазір бізде жеңілдік жасауға мүмкіндік жоқ, COVID-19 жағдайларын тіркеу жалғасуда. Мәселен, кеше 29 жағдай балалар арасында да, ересектер арасында да тіркелді. Көбінесе олар симптомды түрімен ауырады. Сондай-ақ аурудың алдыңғы аптамен салыстырғанда өсуі байқалады. Бүгін, бесінші күні, елорда "жасыл" аймақта тұр, осы көрсеткіштер 14 күн бойы сақталғаннан кейін ғана, жеңілдету туралы айтуға болады", деп түсіндірді Жанна Пірәлиева.

Сұхбаттасушы сонымен қатар аймақтың түсі арнайы матрица арқылы анықталатынын атап өтті. Репродуктивті сан аурушаңдық деңгейі бір күнге көтерілген жағдайдың өзінде санау қайта басталады.