Білім • 22 Қазан, 2020

Білім мен ғылымның қазіргі жағдайы мен даму келешегі талқыланды

485 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Сенаторлар еліміздегі білім мен ғылымның қазіргі жағдайы мен даму келешегін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Парламент Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Білім мен ғылымның қазіргі жағдайы мен даму келешегі талқыланды

Сенаторлар Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру аясында еліміздегі білім мен ғылымның қазіргі жағдайы мен даму келешегі мәселелері бойынша Білім және ғылым министрімен кездесті.

Кездесуге Парламент Сенатының депутаттары, білім және ғылым, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт, ауыл шаруашылығы, қаржы, ұлттық экономика, цифрлық даму, экология министрліктерінің басшылары және білім және ғылым саласының өкілдері қатысты.

Депутаттар білім және ғылым саласындағы өзекті мәселелер мен ұсынылған шешімдерді білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовпен бірлесе отырып талқыға салды.

Сондай-ақ онлайн білім берудің бірыңғайплатформасын әзірлеу, қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру, санитариялық талаптарды сақтай отырып білім алудың қалыптасқан дәстүрлі тәсіліне көшу тәртібін әзірлеу, оқушыларды қашықтықтан оқытуды техникалық түрде сүйемелдеу, интернет байланысының болуы және компьютерлермен қамтамасыз ету, қала мен ауыл арасындағы білім беру сапасының алшақтығын қысқарту, балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру, ғылымды қаржыландыру және жас ғалымдарды қолдау, қашықтан оқылатын пәндер мәселелеріне назар аударылды.

Сенат депутаттары оқу құралдарының авторларына қойылатын жоғары талаптармен қатар елімізде цифрлық оқулықтарды қарқынды енгізу қажет деп санайды. Бұл әсіресе Қазақстанда және әлемде коронавирус пандемиясының екінші толқыны байқалған кезде қазақстандық балалар бұрынғысынша қашықтықтан білім алып жатқанда аса маңызды болып отыр.

Депутат Динар Нөкетаева ерекше қажеттіліктері бар балалар туралы айта келіп, осы мәселеге білім және ғылым министрінің назарын аударды. А.Аймағамбетов өз кезегінде елімізде 425 арнайы ұйым, 200 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, жүзге жуық арнайы мектеп, 38 арнайы мектепке дейінгі мекеме және ерекше қажеттіліктері бар балалармен айналысатын 14 оңалту орталығы жұмыс істейтіні туралы хабардар етті.

Министр сондай-ақ қазіргі уақытта интернет желісінде кәмелетке толмағандарға қатысты құқыққа қарсы іс-әрекеттер үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікті күшейтетін әрібалаларды кибербуллингтен қорғау жөніндегі ережелерді заңнамалық бекіту жұмыстарыжүргізіліп жатқанын атап өтті.

Кездесуде, әсіресе, ғылымды дамыту мәселелері белсенді түрде талқыға салынды. Кездесуге қатысушылар қолданбалы ғылымға, ғылымды қаржыландыру тетіктерін жетілдіруге, оның ішінде ғылыми қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға баса назар аударуды ұсынды.