16 Қараша, 2013

20 мың теңгелік банкнот қандай болады?

416 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

16-11-13-tenge-20-kiupura-1

Қазақстан валютасының 20 жылдығына байланысты 20 мың теңгелік банкнот шықты. Оның эскизі Ұлттық банк өткізген баспасөз мәслихатында көрсетілді. Бұл туралы Теngrinews.kz тілшісі хабарлады.

«Бұл ешқандай да инфляциялық үдеріске байланысты шығарылып отырған жоқ», - деді осыған орай Ұлттық банктің төрағасы Қайрат Келімбетов.

20 мың теңгелік банкноттың үлгісін Мемлекет басшысына Ұлттық банктің бұрынғы төрағасы Григорий Марченко көрсеткен екен. Сондықтан онда сол кісінің қолы қойылады. Қазақстандықтар жаңа номиналды ақшаныі жыл соңына дейін көріп қалады.

«Экспресс-К» газетінің жазуынша, Қайрат  Келімбетов теңгенің айтарлықтай құнсызданатынын көріп отырған жоқ. Себебі, бұған нақты екі нәрсе – мұнайдың әлемдік бағасының түсіп кетуі мен Ресей рублінің девальвациясы әсер етеді. Ал бұлардың екеуінен де қазір көрініп тұрған қауіп жоқ. Биылғы жылдың қорытындысындағы инфляция деңгейі 6 пайыздан төмендеу болады. Қазақстанның жалпы халықаралық резерві 16 пайызға төмендеді. Алайда, Келімбетов еліміздің алтын запасына қоса, алдағы Ұлттық қордың 100 млрд. долларға жететініне сенімді.

Ұлттық банктің төрағасы қазіргі үлкен проблема ретінде тұтыну кредитінің қатты өсіп бара жатқанын атады. Қазір ипотекалық кредит беру рыногындағы 2004-2007 жылдардағыдай жағдайдың қайталанбауы үшін барлық шаралар жасалып жатыр. Тағы бір проблема Қазақстанның екінші деңгейлі банктері портфельдеріндегі жұмыс істемей тұрған кредиттер төңірегінен туындайды.

16-11-13-tenge-20-kiupura-2

 

Енді 20 мың номиналы бар теңгенің кескініне келейік. Оның бір бетінде қыздың бет жүзі көрініп тұр. Ол еркіндеу киінген. Қыз тордан құсты ұшырып шығаруда. Ал құс күнге қарай бет алып барады. Ал екінші бетте сол құс тордан шыққан құс орман алқабының фонында ұшып барады.

Сәкен Майлыбай.

Соңғы жаңалықтар