
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы ITF турнирінің жеңімпазы атанған Қазақстан теннисшісі Кәмила Керімбаеваны телефон арқылы құттықтады. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.
Нұрсұлтан Назарбаев К.Керімбаеваны спорттағы маңызды жетістігімен құттықтап, оған жаңа жеңістер тіледі.
ITF сериясы жарыстарының әйелдер арасындағы турнирі Халықаралық теннистер қауымдастығының (WTA) эгидасымен өтіп тұрады. Ол жас теннисшілердің келешекте WTA-ның ірі турнирлеріне қатысуы үшін өткізіледі.