Пәкстанның бұрынғы президенті, генерал Первез Мушарраф мемлекетке сатқындық жасағаны үшін сотқа беріледі. Бұл туралы жергілікті ішкі істер министрінің мәлімдемесіне сілтеме жасаған ИТАР-ТАСС хабарлады.
Экс-президент 2007 жылы орын алған тәртіпсіздіктер кезінде елде төтенше жағдай енгізіп, конституция қызметін тоқтатқаны үшін айыпталып отыр. «Sky News» телеарнасының ақпарына қарағанда, сот процесін бастау жөнінде ресми хат Пәкстан Жоғарғы сотына дүйсенбі күні жіберіледі.
Первез Мушаррафтың кінәсі дәлелденген жағдайда, ол өлім жазасына кесілуі немесе өмір бойына түрмеге қамалуы мүмкін.
Айдар Өрісбаев.