19 Қараша, 2013

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы № 679

270 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының ғылым мен техника саласындағы 2013 жылғы Мемлекеттік сыйлығын беру туралы

Қазақстан Республикасының ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның ұсыныстарын қарап, қаулы етемін:

 

Қазақстан Республикасының ғылым мен техника саласындағы 2013 жылғы Мемлекеттік сыйлығын беру туралы

Қазақстан Республикасының ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның ұсыныстарын қарап, қаулы етемін:

1. Қазақстан Республикасының ғылым мен техника саласындағы 2013 жылғы Мемлекеттік сыйлығы мына авторларға:

1) «Дифференциалдық теңдеулердің бастапқы-шекаралық есептер теориясына» тақырыбындағы жұмыстар топтамасы үшін:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым ми­нистрлігі Ғылым комитеті «Математика және мате­ма­тикалық модельдеу институты» РМК бас директоры, физика-математика ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Тынысбек Шәріпұлы Кәлменовке;

2) «Қазақстан Республикасында жоғары технология­лы инновациялық ем әдістерін нейрохирургия патологиясында дамыту» тақырыбындағы жұмыстар топтамасы үшін:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министр­лігі «Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы» АҚ басқарма төрағасы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Серік Қуандықұлы Ақшолақовқа;

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы» АҚ Жұлын нейрохирургиясы және перифериялық жүйке жүйесі патологиясы бөлімшесінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы Талғат Тынышбайұлы Керімбаевқа;

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы» АҚ Тамырлы және функционалды нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты Eрбол Тарғынұлы Махамбетовке;

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Республикалық нейро­хирургия ғылыми орталығы» АҚ Анес­те­зиология, реанимация және қарқынды емдеу бөлімшесінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты Айса Захарұлы Нұрпейісовке;

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы» АҚ Балалар нейрохирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты Марат Рабандиярұлы Рабандияровқа;

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы» АҚ Орталық жүйке жүйесі патологиясы бөлімшесінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты Нұржан Әмірбекұлы Рыскелдиевке;

3) Қазақстан Республикасының атластық картографиялау саласындағы ғылыми жұмыстар топтамасы үшін:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ «География институты» ЖШС директоры, география ғылымдарының докторы, профессор Ахметқал Рахметоллаұлы Медеуге;

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Парасат» ұлттық ғы­лыми-технологиялық холдингі» АҚ «География институты» ЖШС Геомор­фо­логия және геоақпараттық картографиялау зертханасының бас ғылыми қызметкері, география ғылымдарының докторы, профессор Фарида Жианшинқызы Ақияноваға;

Абай атындағы Қазақ ұлттық педаго­гикалық университетінің География және экология ғылыми-әдістемелік орталығының басшысы, география ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Әлия Сәрсенқызы Бейсеноваға;

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ «География институты» ЖШС Табиғи қауіп-қатер зертханасының жетекшісі, география ғылымдарының докторы Виктор Петрович Благовещенскийге;

«Қазморгеофизика» АҚ ғылыми жұмыстар бойынша кеңесшісі, геология-минералогия ғылымдарының докторы Мирғали Сапарғалиұлы Кунаевқа;

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ «География институты» ЖШС жобаларды басқару жөніндегі бас менеджері, география ғылымдарының докторы Игорь Михайлович Мальковскийге;

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Парасат» ұлттық ғы­лыми-технологиялық холдингі» АҚ «География институты» ЖШС Геомор­фология және геоақпараттық картографиялау зертханасының бас ғылыми қызметкері, геолого-минералогия ғылымдарының кандидаты Эмиль Исабайұлы Нұрмамбетовке берілсін.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.НАЗАРБАЕВ.

Астана, Ақорда, 2013 жылғы 29 қазан.

№ 679

Соңғы жаңалықтар

Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:19