19 Қараша, 2013

Ақтаудағы апат

390 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

01-мангыстаумунайгазМаңғыстауда соңғы аптада суыт хабардан құлақ құрғамай қойды. Қарашаның 13-інде Жетібай кен орнында «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-тың 3-ші блоктық кусталық сорғылық стансасына қарасты 5 мың текше метрлік жаңа су резервуарының төбесін монтаждау жұмыстарын жүргізіп жатқан екі жұмысшы құлап, қаза тапқан еді. Қаптама қаңылтырдың құлауы салдарынан 15 метр биіктіктен ұшқан «Ойл корперейшн компани» ЖШС жұмысшысының бірі оқиға орнында көз жұмса, екіншісі ауруханаға барар жолда үзілген.

Маңғыстауда соңғы аптада суыт хабардан құлақ құрғамай қойды. Қарашаның 13-інде Жетібай кен орнында «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-тың 3-ші блоктық кусталық сорғылық стансасына қарасты 5 мың текше метрлік жаңа су резервуарының төбесін монтаждау жұмыстарын жүргізіп жатқан екі жұмысшы құлап, қаза тапқан еді. Қаптама қаңылтырдың құлауы салдарынан 15 метр биіктіктен ұшқан «Ойл корперейшн компани» ЖШС жұмысшысының бірі оқиға орнында көз жұмса, екіншісі ауруханаға барар жолда үзілген.

Араға үш күн салып тағы бір қайғылы оқиға теміржол бойында орын алды. Маңғыстау жол бөлімшесінің Тамақ – Маңғышлақ жолының 399 шақырымында жүк пойызы мен мұнай тасымалдайтын MAN автокөлігі соқтығысып қалды. Жол өткеліндегі жұмыс істеп тұрған құрылғының бел­гі­сіне көлігін тоқтатқан жүргізуші, жа­қындай берген пойызды бай­қамады ма, белгісіз себептермен жүрісін жалғастырған. Ол басты күдікті ретінде танылып отыр.

Соққыдан жолдан шығып кет­кен тепловоз және оның жете­гіндегі мұнай тиелген 18 цис­тернаның 10-ы өртке оранды. Машинистің 24 жасар көмек­шісі қаза тауып, 33 жастағы машинист аурухана түсті. Апат болған жерге жеткен Маң­ғыстау облыстық төтенше жағ­дайлар департаментінің маман­дары, теміржол бөлім­шесі мен құқық қорғау орын­дарының қызметкерлері өртті ауыздықтауға, оқиға себебін анықтауға және қарым-қатынасты қалпына келтіруге жұмылды. Болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін «Қазақстан темір жолы»» ҰК» АҚ тарапынан арнайы комиссия құрылды. Дерек көздері теміржол өткелінің тех­никалық жағдайында мін бол­мағандығын, оны 17 қазанда Маң­ғыстау облыстық жол полиция­сы басқармасы тексергендігін айтады.

Пойыздардың кестесінде кешігу орын алғанмен, бас-аяғы 3 са­ғаттан астам уақытта өрт сөн­діріліп, қарым-қатынас қалпы­на келтірілді.

«Жазмыштан озмыш жоқ» деген осы, бірақ «Сақтансаң, сақ­тармын» деген де бар екенін ес­тен шығармаған жөн-ау...

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Маңғыстау облысы.

Соңғы жаңалықтар

Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:19