Қазақстан • 23 Қазан, 2020

Террористік тұрғыдан осал нысандарға айыппұл салынды

298 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көліктегі полиция департаменті жыл сайын еліміздің теміржол вокзалдары мен әуежайларының террористік тұрғыдан осал объектілер ретінде терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйіне тексеру жүргізеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Террористік тұрғыдан осал нысандарға айыппұл салынды

Осы жылдың 9 айында көлік полицейлерімен көлік инфрақұрылымының 33 объектісі, оның ішінде 22 теміржол вокзалы және 11 әуежай тексерілді. Бұл туралы Департаменттің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Ерлан Әлімов хабарлады.

Оның айтуынша, әкімшілік соттардың шешімімен ҚР ӘҚБтК-нің 149-бабы, яғни,  террористiк тұрғыдан осал объектiнiң терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету және қауiпсiздiгiнiң тиiстi деңгейiн сақтау жөнiндегi мiндеттердi орындамау және (немесе) тиiсiнше орындамау бойынша ТТО объектілерінің 12 басшысы жауапқа тартылды, оларға жалпы сомасы 13 миллион теңгеге 100-ден 1000 АЕК-ке дейін айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды.

"Террористік тұрғыдан осал объектілердің басшылары, ҚР "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Заңына сәйкес, меншік нысанына қарамастан, сеніп тапсырылған объектінің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ атқаратын қызметтері мен жүктелген міндеттеріне қарамастан, өз персоналын оқыту, үй-жайларды тексеру техникасы, жарылғыш құрылғылардың орнатылуы мүмкін орындарды анықтау бойынша іс-шаралар өткізуге міндетті", деді Е.Әлімов.

Полиция полковнигінің айтуынша, жыл сайын республиканың теміржол вокзалдары мен әуежайларының саны артып келеді, олар ҚР Үкіметінің "Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы" қаулысының талаптарына сәйкес келтірілген және олардың инженерлік-техникалық нығайтылуы қауіпсіздіктің тиісті деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.