Әлем • 23 Қазан, 2020

Саудия ханзадасы 15 жылдық комадан соң саусағын қимылдатты

110 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сауд ханзадасы әл-Уалид бин Халид Аль-Сауд 15 жылдық комадан кейін қолын қимылдатқаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Egemen.kz

Саудия ханзадасы 15 жылдық комадан соң саусағын қимылдатты

Кадрлардан князьдің саусақтарын қалай көтеретіні көрсетілген, бірақ бұған дейін ол бес жыл бойы қозғалмай жатқандықтан, бұл видео бірден дәрігерлердің назарын аударады. 

Айта кетейік, ханзада 2005 жылы апатқа ұшырады. Сол оқиғадан соң, миына қан кету салдарынан ер адам комаға түскен. Дәрігерлер ханзадаға мидың өлімі диагнозын қойды. Соған қарамастан ханзаданың әкесі үмітін үзбей келген еді. Соңғы бес жыл ішінде ханзада дәрігерлердің бақылауымен отбасымен бірге, өз үйінде жатыр.