Аймақтар • 23 Қазан, 2020

ШҚО-да қорадан шыққан өрттен 1 адам көз жұмды

988 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысында темекі тұқылының тұтануы салдарынан қора өртеніп, 1 адам мерт болды, деп хабарлайды Egemen.kz

 

ШҚО-да қорадан шыққан өрттен 1 адам көз жұмды

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 22 қазан күні сағат 16.44-те Ұлан ауданы Пролетарка ауылындағы Южная көшесінде орналасқан жер үйдің қорасында өрт шыққан. Оқиға орнына келіп жеткен құтқарушылар жалпы ауданы 14 шаршы метрді құраған жалынды ауыздықтады.

"Өрт сөндірушілер қораның ішінен иіс тию белгілері бар 1957 жылы туған ер адамның мәйітін тапты. Тілсіз жаудың шығу себебі – темекі шегу кезіндегі абайсыздықтан болуы мүмкін", деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте, ТЖД адам өліміне көбінесе өрт емес, иіс тию себеп болатындығын мәлімдеді.

Сөнбеген темекі тұқылының температурасы +300-420 С құрайды. Осындайда от 4-8 минут ішінде тұтануы ықтимал.