Медицина • 23 Қазан, 2020

МӘСҚ медицина қызметкерлеріне 83 млрд теңге үстемеақы төледі

143 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Медициналық әлеуметтік сақтандыру қоры биыл наурыз-тамыз айлары арасында медицина қызметкерлеріне 83 млрд теңге көлемінде үстемеақы төлеген. Бұл туралы COVID-19-ға қарсы күреске орай ұйымдастырылған дөңгелек үстел барысында қордың департамент директоры Светлана Пономарева айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

МӘСҚ медицина қызметкерлеріне 83 млрд теңге үстемеақы төледі

"Наурыз айынан қыркүйекке дейін медицина қызметкерлеріне 83 млрд теңге көлемінде үстемеақы төленген. Оның ішінде ең көп төлем шілде айында 24,8 млрд теңге төленген", деді дөңгелек үстел барысында қордың медициналық көмекті сатып алуды ұйымдастыру департаментінің директоры Светлана Пономарева. Оның айтуынша, төлемдер кез-келген меншік формасындағы медициналық мекеменің қызметкерлеріне берілген.