19 Қараша, 2013

Маңызды салаға – басты назар

282 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшелері еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігінің басшылығымен кездесу өткізді, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

 

Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшелері еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігінің басшылығымен кездесу өткізді, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Қазақстан аумағындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жоюдағы министрлік қызметін заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Төтенше жағдайлар министрі В.Божко бастаған министрлік өкілдері ведомство жұмыстарының басты бағыттары мен алдарына қойылған мақсаттары туралы хабардар етті. Сенаторлар апаттан құтқару жұмыстары бойынша көрсеткіштердің айтарлықтай жақсарғанына жоғары баға беріп, министрліктің елді мекендердегі тасқындарды және адамдардың суда апат болуын болдырмау, сондай-ақ, өндірістік қауіпсіздік пен төтенше жағдайларға жедел шара қолдануды қамтамасыз ету жөніндегі қызметімен жан-жақты танысты.

Депутаттар қазіргі таңда Парламент қабырғасында қаралып жатқан «Азаматтық қорғау туралы» заң жобасының негізгі ережелерін талқылауға ерекше назар аударды. Кездесу кезінде осы заң жобасының мақсаттары мен бағыттары туралы егжей-тегжейлі мәліметтер айтылып, оларды алдағы уақытта Сенатта талқылау барысында пайдалану туралы сөз болды.

Сонымен қатар, кездесу аясында құтқару қызметі инфрақұрылымын жетілдіру, кадрлар саясаты, гуманитарлық көмек және төтенше жағдайлар саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа қатысты мәселелер талқыланды. Кездесуден кейін депутаттар Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру бөлімінде болып, авариялық-құтқару және өрт сөндіру техникаларымен танысты.

Соңғы жаңалықтар

Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:19