Спорт • 26 Қазан, 2020

UFC-дегі дебютін сәтті бастады

178 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Күні кеше Әбу-Дабидегі (БАӘ) «Жа­уынгерлер аралында» ұйымдас­ты­рылған UFC 254 турнирінде жер­лесіміз Шавкат Рахмонов брази­лиялық қар­сыласын мерзімінен бұрын жеңіп, айтулы ұйымдағы дебютін сәтті бастады.

UFC-дегі дебютін сәтті бастады

Әлемдік белді ұйымдағы тұңғыш жекпе-жегін өткізген Рахмонов алғашқы айқасын «Ковбой» лақап атымен танымал бразилиялық файтер Алекс Оливейрамен (22-8-1-2) өткізді. UFC-де біраз уақыттан бері өнер көрсететін Оливейра бұл кездесуде отандасымызға бір раунд та қарсы тұра алмады. Жекпе-жектің бірінші кезеңі аяқталуға санаулы секундтар қалғанда Оливейра Рахмоновтан жеңілгенін мойын­дап, жарысты жалғастырудан бас тартты. Осылайша, жерлесіміз өзінің 13-ші жеңісіне қол жеткізді. Бір айта кетерлігі, Рахмонов барлық қарсыласын мерзімінен бұрын жеңген.

Айта кетейік, UFC 254 турнирінің басты жекпе-жегінде ресейлік Хабиб Нурмаго­медов пен америкалық Джастин Гэтжи бақ сынап, ресейлік спортшы мерзімінен бұрын тізе бүктірді. Карьерасындағы 29-шы жеңісінен қол жеткізген Нурмагомедов спорттан кететінін мәлімдеді.