Бүгін түнде елорданың әуежайына шетелден 6 ұшақ келіп қонды.
Әуе рейстерін Air Astana, Turkish Airlines,Belavia және Flydubai әуе компаниялары орындаған. Барлығы 722 жолаушы ұшып келген. Соның ішінде 108-інің ПТР-тест анықтамасы болмаған. Олардың барлығы стационарлық карантинге жатқызылды.
ПТР-тесттен өткеннен кейін бұл жолаушылардан коронавирус анықталмаса үйлеріне жіберіледі. Егер вирус анықталса, инфекциялық стационарға жатқызылады.