Аймақтар • 26 Қазан, 2020

Қарағандыда ұйымдасқан қылмыстық топ 16 млн теңге пайда тапқан

253 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысында ұйымдасқан қылмыстық топ анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағандыда ұйымдасқан қылмыстық топ 16 млн теңге пайда тапқан

Топ 2 жылдан аса уақыт заңсыз ойын бизнесімен айналысқан.

"2018 жылғы қаңтар мен 2020 жылғы мамыр аралығында 5 адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топ Жезқазған және Сәтбаев қалаларында 7 заңсыз ойын орнын ұйымдастырған. Олар 16 миллион теңге көлемінде пайда тапқан. Жедел шаралар барысында заңсыз айналымдағы 200-ге жуық ойын жабдығы тәркіленді",  делінген хабарламада.

Қылмыстық топты Қарағанды облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері анықтаған. Бүгінде бұл факт бойынша қылмыстық іс сотқа жіберілген.