Аймақтар • 26 Қазан, 2020

Қыздың миы шайқалған: Павлодар облысында жолаушылар көлігі аударылды

680 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облысында "Газель" жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, апатқа ұшырады, деп хабарлайды Egemen.kz  Pavlodarnews.kz порталына сілтеме жасап.

Қыздың миы шайқалған: Павлодар облысында жолаушылар көлігі аударылды

Облыстық полицияға департаментінің мәліметінше, Павлодар - Шарбақты тасжолында жолаушылар отырған "Газель" аударылған. Көлікті 57 жастағы ер адам басқарған. Ол көліктің тізгініне ие бола алмай қалған. 

Апат орнынан екі жолаушыны туыстары алып кеткен. Оның бірі кейін үйіне медицина қызметкерлерін шақырған. Әйел бел омыртқасынан жарақат алған. Ол ауруханаға жатқызылыпты.

Сондай-ақ, жедел жәрдем қызметі жол апатынан зардап шеккен қызды ауруханаға жеткізген.

"19 жастағы қыз бас жарақатын алған, миы шайқалған, шынтағының буыны үзілген, жамбас сүйегі сынған", делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасы таратқан хабарламада.

Облыстық полиция департаменті оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Қазіргі таңда "Газель" көлігі айыптұраққа қойылған.

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20