"Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында Сауда және интеграция министрлігінің алдына бірқатар маңызды міндеттер қойды, оларды іске асыру еліміздің экономикасын тұрақты дамытуға әкеледі. Бірінші кезекте, әңгіме шикізаттық емес экспортты ұлғайту туралы", - деп түсіндірді Б. Сұлтанов.
Оның жартысына жуығы (42%) қазір жоғары және орташа қайта өңдеу сатысындағы өнімінен тұрады. Өңделген экспорттың негізгі тауарлары - мыс және мыстан жасалған катодтар, ферроқорытпалары, уран, мұнай өңдеу өнімі және басқалар. Министрдің айтуынша, әлемде пандемия салдарынан қалыптасқан сауда-экономикалық өзгерістер бір жағынан тәуекелдерді туындатса, басқа жағынан отандық кәсіпорындардың ең жоғары қосылған құны бар өнімді өндіруге көшуіне "мүмкіндік терезесін" ашады.
Ведомствоның мәліметінше, 8 айдың қорытындысы бойынша өңделген тауарларлдың экспорты 7,3%-ға 10,4-тен 9,7 млрд АҚШ долларына дейін азайды. Экспорттың негізгі төмендеуі мұнай өнімдерінің (-332,6 млн $), ферроқорытпаларының (-249,7 млн. $), мырыштың (-121,2 млн $) жеткізілімінің қысқаруы және бағалардың төмендеуі есебінен болды. Сонымен қатар, тамақ өнеркәсібін жеткізудің өсуі байқалады. Өсудің негізгі драйверлері: ұн, күнбағыс майы, макарон, сиыр еті, соя майы. Машина жасау өнімдерінің экспорты да артты. Мысалы, жылжымалы құрам бөліктерін жеткізу 3,2 есеге, жеңіл автокөліктерді жеткізу 3 есеге артты.