Қоғам • 27 Қазан, 2020

Ел боламын десең, киберқауіпсіздігіңді түзе

389 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

Интернет ғасырының дамуымен қарулы күштердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі де өзекті бола түсті. Өйткені қазіргі таңда түрлі тәсілдерді жетік меңгерген хакерлер кез келген сәтте кибершабуыл жасауы мүмкін. Сол себепті мұндай көрінбейтін жаудан қорғану үшін әлем елдері түрлі бағдарламаларды қолға алып жатыр. Осы орайда, Қазақстан 2017 жылы «Қазақстан киберқалқаны» киберқауіпсіздік тұжырымдамасын қабылдағаны белгілі.

Ел боламын десең, киберқауіпсіздігіңді түзе

 

Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабі­леттілік» атты Жолдауында «Ки­берқылмыспен күрестің өзектілігі барған сайын арта түсуде. Үкімет пен Ұлттық қауіпсіздік комитетіне «Қа­зақ­стан ки­бер­­қалқаны» жүйесін қа­лып­­тас­ты­ру ша­ра­ларын қабылдауды тап­сы­рамын» деген болатын.

Содан бері бұл бағытта ауқымды жұмыс атқарылды. Мәселен, 2017 жылы Үкімет арнайы тұжырымдама әзірледі. Оның мақсаты – жаһандық бәсекеге қа­бі­леттілік жағдайында Қазақстанның тұ­рақты дамуын қамтамасыз ететін, элек­тронды ақпараттық ресурстар, ақпараттық жүйелер мен ақпараттық-ком­муникациялық инфрақұрылымын сырт­қы және ішкі қауіптерден қор­ға­луы­­­на қол жеткізу және сол деңгейде ұс­тау.

«Қазақстанның Киберқалқаны» жо­ба­­сын дайындау кезінде Малайзия, Шве­ция, Эстония, Литва, Ұлыбритания, Германия секілді елдердің тәжірибесі зерттелген. Жобаның басты мақсаты – әлемдік бәceкелecтік уақытында eлi­мiз­дің тұpaқты дaмyын қaмтaмacыз eтiп, элeктpoнды ақпapaт рecypcтapын, aқпa­paттық-кoммyникaциялық инфpa­құры­лымды сыpтқы, iшкi қayiптepдeн қopғaлyын бақылап, бір деңгейде ұстап тұру. Тұжырым екі кезеңге бөлінген: біріншісі 2017-2018 жылдары жүзеге асты, екіншісі 2019-2020 жылдарға ар­нал­ған.

 «Киберқалқанның» қажеттігін мы­на­дан-ақ байқауға болады. Елімізде 2010 жылдан бастап 2016 жылға дейінгі ке­зең­де интернетті пайдаланушылар саны 75 пайызға өсіп, мобильді интернетті пайдаланушылардың саны 10 миллион қолданушыға жетті. Яғни, осы аралықта Қазақстандағы интернет ауқымы күрт ұлғайды.

Сұраныс ұсынысты туындататыны белгілі. Ендеше, жаһандық желідегі қазақ­стандықтардың артуы салдары­нан жеңіл ақшаға қызыққан, жеке дерек­т­ерді өз мүддесіне пайдалануды көз­дей­тін хакерлердің де саны артатыны түсінікті. Кейінгі жылдары ақпараттық шабуылға ұшырағандардың артқанын да статистикалық деректер көрсетіп отыр. Мұндайда азаматтардың қауіпсіздігін қорғау, жеке мәліметінің таралып кет­пе­уін қамтамасыз ету қажет.

Киберқылмыс жөніндегі әлемдік ста­тис­тикаға көз жүгіртсек, хакерлердің оңай шағылар жаңғақ емес екені анық аңғарылады. Мәселен, 2018 жылы Иран хакерлері АҚШ-тағы 144 университет пен 33 кәсіпорынға кибершабуыл жасап, 3,4 миллиард долларды қолды еткен. Ал 2016 жылы ДАИШ-тың (Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйым) бір содыры PayPal жүйесі арқылы 8700 долларды жымқырған. Айта бер­се­ңіз, мұндай мысал өте көп. Business Information Industry Association келтірген мәліметтерге сүйенсек, 2009 жылдан бері кибершабуыл көлемі 440 пайызға ұл­ғайған.

Кибер шабуылмен күресудің бір қиындығы мынада. Әдетте мемлекетке сырттан шабуыл жасалса, қарсы­ла­­сыңның кім екенін нақты білесің. Оның қандай кемшілігі мен артық­шы­лы­ғы бар екенін саралай келе, соған сәйкес қорғаныс ұйымдастырасың. Ал кибер­қарақшының әрекетін болжап, білу қиын. Өйткені білдей бір елге әлем­нің келесі түкпіріндегі жалғыз адам жа­һан­дық желі арқылы қауіп төндіруі мүм­кін.

Халықаралық электробайланыс ода­ғы­­ның (ITU) есебіне сәйкес Қазақстан 2018/2019 Киберқауіпсіздіктің жаһандық индексінде былтырғы рейтингпен салыс­тырғанда (82-орын) 42-тармаққа көте­рі­ліп, 40-орынды иеленді. Сол арқылы мемлекет киберкеңістіктен шығатын, қауіптерге қарсы тұру дайындық деңгейі жоғары мемлекеттер тізіміне кірді.

«Қазақстанның Киберқалқаны» тұ­жы­­рымдамасы аясында Қазақстанның Қару­лы Күштері киберкеңістік саласын­да ұлттық әлеуетті қалыптастыру мақ­са­­тында жоспарлы жұмыс жүргізіп жатыр. Күн сайын әлемдегі барлық сала миллиондаған кибершабуылмен бетпе-бет келіп отырғандықтан, осы ба­ғыт­­тағы кешенді жұмыс жүргізу уақыт күт­тірмейтін мәселе. Сондықтан 2020 жылы Қорғаныс министрлігі кибер­қауіп­тер­ді танудың жаңа жүйелерін, мақсатты шабуыл анализаторларын, вирусқа қар­сы қауіпсіздік орталығын және басқа да бір­қатар жүйелерді іске қосты.

Алдағы үш жылда, яғни 2021-2023 жылдары Қарулы Күштердің ақпа­раттық (кибер) қауіпсіздік бөлім­шелерін қазіргі заманғы бағдар­ла­малық және бағ­дар­ла­малық-ап­па­раттық құ­рал­дар­мен, ақпаратты қор­ғау жү­йе­ле­рімен толық қайта жарақ­тан­ды­ру­ды жүргізу жоспарланып отыр.

Әскери мақсаттағы ақпараттандыру объектілерінің киберқауіпсіздігін қамта­ма­сыз етуге сараланған тәсілдер бел­сенді енгізіліп келеді. Ақпаратты беру ар­на­ларына тиянақты мониторинг және кибер­қауіпсіздік инциденттеріне уақ­ты­лы на­зар аударылады.

Әскери мақсатта қорғалатын ақпа­рат­тандыру объектілеріне бағыт­тал­ған киберқауіпсіздік қатерлерін анықтау, бағалау, болжау, оқшаулау, бейтараптандыру және алдын алу рәсімдерін сапалы жаңа деңгейге шығаратын ақпа­рат­тық қауіпсіздіктің ведомстволық жедел орталығын құру бойынша жұмыс жос­парланып, оның орындалуы жолға қо­йылған.

Сондай-ақ семинарларға қатысып, ғылыми-зерттеу конференцияларын, оның ішінде халықаралық деңгейдегі кон­ференцияларды үнемі өткізу әскери ғалымдарға кибериндустрияның соңғы тенденциялары мен ғылымды дамыту векторлары туралы хабардар болуға мүмкіндік береді. Киберқауіпсіздіктің өзекті проблемалары мен қатерлері бойынша ғылыми зерттеулер жүйелі негізде өткізіледі.

Киберқауіптерге уақтылы ден қою үшін Қорғаныс ведомствосымен Ақ­па­рат­тық қауіпсіздікті ұлттық үй­лес­тіру орталығының, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнер­кә­сібі министрлігінің Ақпараттық қауіп­сіздік комитетінің және Ұлттық қауіп­сіз­дік комитетінің өзара іс-қимылы үй­лес­ті­ріл­ген.

Қарулы күштердегі соны жаңалықтар мұнымен аяқталмайды. Қазіргі таңда әс­ке­ріміз жаңа технологияларды да қол­данысқа кешенді түрде енгізіп жатыр. Жаңа ақпараттық технологияларды қол­дана отырып, әскерлердің ұт­қыр­лы­ғын қамтамасыз ету басқарудың авто­мат­тандырылған жүйесінің мінде­ті­не­ айналды.

Атап айтқанда, қазақстандық әскери қару-жарақтың тізімінде ПКСА-М авто­­маттандыру жүйелерінің замана­уи да­лалық кешендері бар. Бұл – стра­­­­те­гиялық, жедел-стратегиялық және ж­е­дел-тактикалық буындағы бас­­­қару пункттерінің жұмысын авто­мат­тан­ды­руға арналған әскери мақсат­та­ғы аппа­раттық-бағдарламалық кешен. Құ­рыл­ғы ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін, автоматтандырылған және авто­маттандырылмаған режімдерде ақпа­рат­ты жинауды, өңдеуді, сақтауды және беруді қамтамасыз етеді.

Жалпы алғанда, кешен ақпараттық, технологиялық міндеттерді шешу және әскерлерді басқару бойынша ауқымды мүмкіндіктерге ие. ПКСА-М байланыс арналарын қабылдау мен жабуды (шифр­­лауды), ашық және жабық байла­ныс арналары бойынша деректерді бе­ру­ді, кемінде 50 пайдаланушыны қоса отырып, жергілікті есептеу желісін өріс­те­ту­ді жүзеге асыруға қабілетті. Барлық қа­жетті ақпарат жедел түрде ко­ман­далық пункттің аясында көрсетіліп, прин­терлер мен плоттерлерде басып шыға­ры­лады.

Кешен ультра қысқа толқын диапазоны ақылы радио байланыспен жұ­мыс істейді. Арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету әскерлерді жауынгерлік әзірлікке келтіру туралы сигналдарды жедел қабылдауға, командалардың орындалуы және басқару органдары, құрамалар мен бөлімдер арасында күштердің бөлінуі туралы баяндауға, сондай-ақ жауынгерлік міндеттерді қою­ды жүзеге асыруға және олардың орын­далуын бақылауға мүмкіндік береді.

Қорыта айтқанда, Қазақстан қарулы күштері кибер шабуылмен күресуге тың­ғылықты дайындалып жатыр десек қа­те­леспейміз. М. Әуезовтің «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген нақылын бүгінгі күнге бейімдеп, «Ел болам десең, киберқауіпсіздігіңді түзе» десек артық айтқандық емес.