Аймақтар • 27 Қазан, 2020

Талас ауданында ұлтаралық келісім туралы жиын өтті

155 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Жамбыл облысы, Талас ауданы әкімдігінің мәжіліс залында өңірде бастау алған "Бейбітшілік пен келісім" пилоттық жобасы аясында "Ақпараттық-түсіндіру" бойынша кездесу өтті.

Талас ауданында ұлтаралық келісім туралы жиын өтті

Кездесуге Талас аудандық прокуратура, полиция бөлімі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті аудандық бөлімшесінің өкілдері, тиісті бөлім басшылары, ардагерлер кеңесі, қоғамдық кеңес және билер алқасының кеңесінің төрағалары қатысты.

Аталған жоба Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаевпен бекітілген. Кездесуде аудан әкімінің міндетін атқарушы Қадірбек Садубаев сөз алып, жиынға қатысушыларды «Ақпараттық-түсіндіру» тобыныңжұмысымен таныстырды. Жиында бейбітшілік пен келісімнің маңыздылығы айтылып, қатысушылар пікір алмасты. «Ауданымызда ұлтаралық келісім құндылықтарын насихаттауға көңіл бөлінуде. Этносаралық қақтығыстардың алдын алуға, реттеуге бағытталған және мемлекеттік-әлеуметтік бағдарламалар шеңберінде ұсынылған мүмкіндіктер туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде», деді Қадірбек Садубаев. Кездесу соңында ол жэоба аясында ауданға келгендер топ мүшелеріне алғыс білдірді.

 

Жамбыл облысы