Экономика • 28 Қазан, 2020

Агроөнеркәсіп кешенін дамыту – ауылды дамыту

1234 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Қазақстан агроөнеркәсіп кешені қауымдастықтарының альянсы және «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы 2022-2027 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасына тұжырымдамалық тәсілдерді ұсынды. АӨК-ті дамытудың түйткілді мәселелерін талқылау және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуде тараптар әріптестік ниетін нығайту үшін өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Агроөнеркәсіп кешенін дамыту – ауылды дамыту

 

«АӨК саласының 100 түйткілді мәселесі және шешу жолдары» тұжырымдамасының негізінде бизнестің тұрақты тиімділігі мен ауыл шаруашылығында тәуе­келдерді басқаруды қамта­масыз ету қағидаты жатыр. Тұжы­рым­дама «100 нақты қадам» Ұлт жоспары қағидаты бойынша әзірленуде. Бағдарлама қарапайым әрі түсінікті болып, сондай-ақ «төменнен жоға­ры», яғни өңірлерде ауыл ша­руашылғы өндірушілерінің нақты сұранысына құрылымдалуы керек деп санаймыз», деді аталған альянстың өкілі, Картоп және көкөніс өсірушілер одағының төрағасы Қайрат Бисетаев.

Салалық қауымдастықтардың өкілдері бағдарлама негізіне алын­ған ТОП-10 өзекті мәселені атады. Біріншіден, миллардтаған бюджетке қарамастан мемлекеттік қолдау шараларының ағымдағы жүйесі АӨК-тегі бизнестің тиім­ділігіне кепілдік бермейді. Тұжы­рымдама ұсынысы – қаржы құрал­дарын кәсіпорындардың ұзақ мерзімді несие төлеу қабі­летін сақтауға бағыттау. Бұл шара несиелеу ұйымдары мен инвес­тор­ларға сенімділікті қамта­ма­сыз етеді. Екіншіден, баға бе­л­гі­леуді реттеудің нарықтық құ­рал­дары әкімшілік тыйымдар мен шек­теулерді алмастыруы керек. Халықтың әлеуметтік осал топтарына декларативті кө­мек көрсетуден кетіп, оларға нақ­ты қамқорлық көрсетуге – азық-түліктің атаулы көмегіне көшу қажет. Мұндай реформа – азамат­тардың барлық санаттарына, со­ның ішінде аз қамтамасыз етілген аза­мат­тарға арналған бағаларды бақылауды тоқтату, нан пісіру және дәнді дақылдарды өңдеудің өзінде жыл сайын қосымша 60-80 млрд теңге алуға, сондай-ақ 2020 жылы бидай экспортына тыйым салу (11 млрд теңге шығын), 2019 жылы тері экспортына тыйым салу (10 млрд теңге шығын), мал экспортына тыйым салу (жыл сайын 30 млрд теңге жоғалту) сынды әкімшілік кедергілерден ш­ығын­дарды болдыртпауға мүм­кіндік береді», деді «Қазақстан астық өндірушілері одағы» қауым­дас­тығының президенті Евгений Ган.

Үшіншіден, «Қазақстан ет одағы» жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар бірлестігінің бас директоры Мақсұт Бектібаев­тың түсіндіруінше, саланы ынта­лан­дыруға арналған фискалды құралдар – АӨК-тегі салық режімі өндіріс түріне емес, меншік формасына, жер телімдері мөлшеріне байланысты. Бұл жайт кедергі келтіретін, саланы кенжелететін фактор болып отыр. Әр гектардан есептелетін және өнімнің түсі­м­іне ғана байланысты бірың­ғай аграрлық салық жерді тиімді пайдалану және баршаға бірың­ғай режімді қамтамасыз етуге бағыт­талған. Яғни салық жергілікті бюд­жетке түсетін болады, ауыл тұр­ғындарының қалаға кетуінің негізгі себебі болып отырған ауыл­дарды инфрақұрылыммен қамта­масыз етуде теңгерімсіздікті жою­ды мақсат етеді.

Төртіншіден, техникаға салынатын баж салықтары, салықтар және алымдарды 5-10 жылға алып тастау арқылы ескірген ма­­шина-трактор паркін 40%-ға жаңар­ту қарқынын арттыруға жол ашыл­мақ. Ауыл шаруашылығы техни­касына салынатын утилиза­циялық алым арқылы мемлекеттік қолдауды бір саладан екінші салаға бөлу мүмкіндігін алып тас­тау да маңызды. АӨК-ті субси­диялаудың жалпы жылдық көлемі 287 млрд теңгені құрайды. Ал утилизациялық алым бойынша фермерлерден түсетін төлемдердің жалпы көлемі 56 млрд теңге неме­се ауыл шаруашылығын субси­диялаудың жалпы көлемінің 20%-ын құрайды. Бірінші кезекте утилизациялық алымды алып тас­тау керек немесе техника құны­нан 10-30% мөлшерлеме орнына тиімді 0,5% мөлшерлемені белгілеу қажет.

Бесіншіден, Қазақстан ас­тық одағы­ның төрағасы Нұр­лан Оспановтың айтуынша, ауыл­­дық аймақтардың дамуын ауыл ша­руашылығы тауарын өндірушінің базалық ауылы­­нан қатты жол жабынымен 25 шақырымнан артық емес қашық­тық­та жатқан тірек ауылдың толық­қанды инфра­құ­рылымға қол­жетім­ділігін арт­ты­ру қағидасы бо­йын­ша іске асы­ру қажет. Мұн­дай ұстаным АҚШ, Канада және Аустралияда фермер­лікті дамыту мен аумақты игеруді қамтамасыз еткен болатын.

Қолданыстағы мемлекеттік қолдау және фискалды саясат агробизнесті ауылдық аумақтарды дамытуға қатысуын ынталандырмайды. Ауыл тіршілігіне демеу көрсеткен және қолдау көрсетуді жалғастырып жатқан орта және ірі бизнес ауылдық жерлерді дамыту үшін жергілікті билік органдарымен бірлескен жобаларды қаржыландыруға қатыса алады. Бұл үшін ынталандыру шараларын әзірлеу қажет. Несиелердің жалпы көлемінен небәрі 1,8%-ы (2020 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай) ауыл шаруашылығына тиесілі (2019 жылдың 1 қаңтарында – 3,7%). Капиталды салымдардың басым бөлігі – шамамен 73%-ы кәсіпорындардың жеке қаражаты есебінен қаржыландырылады. Ұсынылған шешім – өңірлік даму институты ретінде несиелік серік­тестер жүйесін дамыту, осының не гі­зінде фермерлік несиенің коо­пер­ативті жүйесін құруға болады.

Сондай-ақ жаңа шаруалардың нарыққа кіруін оңтайландыру да аса өзекті. Қазіргі таңда жаңа ферманы ашу процедурасына 2-3 жыл жұмсалады. ӘКК-ті тарту арқылы өңірлерде үлгілік фермаларды ашу (жер, инфрақұрылым, телімдерді сегменттейді, үлгілік жоба) және аукцион арқылы дайын бизнесті сату нарыққа жаңа ойыншылардың кіруін жеделдетеді.

Ал қаржыға қолжетімділікті тәуелдіктіліктің түсінікті болуы және сақтандырудың экономи­калық қолжетімділігі есебінен арттыруға болады.

«Кем дегенде 250 млрд теңге болатын мемлекеттік қолдау құрғақ­шылық, аурудың қаупімен өтелуі мүмкін. Сондықтан алу­шы­ларға сақтандыру төлемінсіз субси­диялауды беруге тыйым салу маңызды. Базалық тәуекел­дерді сақтандыруға орташа жыл­дық қажеттілік 40 млрд тең­гені құрайды», деді бұл тарап­та Агросақтандыру қауымдастығы­ның төрағасы Серік Ыбыраев.

Ең соңындағы ұсыныста жер телімдерін тиімсіз пайдалана­тын жер иелерінің тізілімін ашу ма­ңызды екені айтылды. Өйт­кені нарық деректерді білуі керек, себебі бұл кредиторлар мен сақтан­дыр­у­шылар үшін негізгі тәуекелдер.

Жиын соңында Картоп және көкөніс өсірушілер одағының төрағасы Қайрат Бисетаев ауыл­шаруашылық өнімдері мен оның қайта өңдеу өнімдерінің кепіл­дендірілген экспортын қамтамасыз ету мақсатында АӨК саласы тартымды болатын елдердегі Қазақстанның елшіліктерінде Аграрлық сауда миссияларын ұйымдастыру туралы ұсыныс жасады. Бұл миссияның басшысын еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігі «Атамекен» Ұлттық кәсіпк­ер­лер палатасымен келісім бойынша тағайындайды.