Қоғам • 28 Қазан, 2020

"Жетісу" және "Қызылағаш" полигондарында жарықтандыру жүйесі жөнделді

820 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл Қорғаныс министрлігінің Әскерлерді пәтерлерге орналастыру Бас басқармасы Сарыөзек гарнизонының саябақ аймағын және Алматы облысындағы екі полигонды жарықтандыру бойынша күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жетісу" және "Қызылағаш" полигондарында жарықтандыру жүйесі жөнделді

Сарыөзек гарнизоны 12740 әскери бөлімінің саябақ аймағын жарықтандыру жүйесі күрделі жөндеуден өтті. Оның периметрі бойынша үш шақырым бойы жарықтандыру құрылғылары бар 90 тірек орнатылды. Жұмыстар "Әскери құрылыс" АҚ-мен орындалды. Жөнделген жарықтандыру, бейнебақылаудағы әскери объектілерді күзету сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Алматы облысы Ақсу ауданындағы "Жетісу" және "Қызылағаш" оқу полигондарында электрмен жабдықтау желісіне күрделі жөндеу жұмыстарын "Gas energy service company" ЖШС жүргізді. Полигондарды электрлендіру үшін ұзындығы 14 шақырым болатын он киловатт электр тарату желісі орнатылды. 

Қарулы Күштер инфрақұрылымының осы нысандары бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы мемлекеттік сараптама мақұлдады. Қазіргі уақытта жұмыстар аяқталып, оларды пайдалануға беру актілері ресімделуде.