Аймақтар • 28 Қазан, 2020

Алматы облысының тұрғыны 9 жылдан бері өлілер тізімінде болған

674 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысының тұрғыны Кенжебек Алпысбаев 9 жылдан бері өлілердің тізімінде болған. Ол бұл деректі Nur Otan партиясының праймеризіне қатысу барысында кездейсоқ анықтаған, - деп хабарлайды Egemen.kz  Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Алматы облысының тұрғыны 9 жылдан бері өлілер тізімінде болған

Фото: 1tv.kz

Телеарна таратқан ақпаратқа сәйкес, Кенжебек Алпысбаев бұған дейін жұмыс істеген, мемлекеттік қызметтер алған, салық төлеп жүрген, өзінің өлілер тізімінде барын мүлде білмеген. Праймеризге қатыспаса, құжат бойынша өлілердің тізімінде бар екенін білмей қалуы да мүмкін еді.

Белгілі болғандай, 2011 жылы Кенжебек Алпысбаевтың анасы қайтыс болған. Сол уаықтта ол анасы қайтыс болғаны туралы куәлік алу үшін өтініш жазған. Сонда мамандар анасының ЖСН-ін жазудың орнына өтініш берушінің деректерін жазып жіберген көрінеді.
 
"Бастапқыда қалай өлілердің тізімінде екенімді түсінбей таңғалдым. Сұмдық! Негізі партия қатарындамын, жыл сайын жарна төлеймін, жиындарға қатысып тұратынмын. Базаны тексермеген болуы керек, бұл жерде адами фактор болып тұр ғой", - деген тұрғын құзырлы органдарға шағымданды.
 
Кейінірек аталған іс бойынша арнайы комиссия құрылып, тергеу жүргізіліп, қай маман қателескені анықталған.