Әлем • 28 Қазан, 2020

Катар әуежайдағы гинекологтердің әрекетіне қатысты пікір білдірді

357 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Катар билігі Дохадағы әуежай жолаушыларының құқықтарының бұзылуына және қолайсыздық тудырғандарына өкініштерін білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz

Катар әуежайдағы гинекологтердің әрекетіне қатысты пікір білдірді

Бұған дейін Катар билігі қазан айының басында Хамад атындағы Доха халықаралық әуежайында шақалақты тастап, қашып кеткен әйелді іздеп жүргендері туралы хабарланған еді. Оқиға салдарынан Катар мен Аустралия арасындағы қарым-қатынастың шиеленісуіне себеп болды.

Дохадан Сиднейге ұшатын жолаушылардың рұқсатынсыз әуежайдың жанында орналасқан жедел жәрдемде мәжбүрлі түрде гинекологиялық тексеруден өткендерін айтты. Катардан басқа бағыттарға ұшып кеткен кейбір әйелдер де осындай тексеруден өткен көрінеді.

"Шұғыл тексерудің мақсаты ауыр қылмыс жасаған кінәлілердің қашып кетуіне жол бермеу болса да, Катар бұл әрекеттенін кейін жолаушылардан кешірім сұрап отыр", делінген СІМ баспасөз хабарламасында.

Катар билігі болған оқиғаға қатысты ашық және жан-жақты тергеу жүргізуді жалғастырып жатыр.