Аймақтар • 28 Қазан, 2020

Солтүстiк Қазақстанға 8 жылжымалы медициналық кешен келдi

255 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов өңірге 8 жылжымалы медициналық кешен келгенін мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Солтүстiк Қазақстанға 8 жылжымалы медициналық кешен келдi

"Ауыл тұрғындарына жағымды жаңалық. Бүгiн бiздiң облысқа 8 жылжымалы медициналық кешен келдi. Олар аудандарға жiберiледi", - деп жазды өңiр басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында.⠀

Көшпелi кешенде 7 кабинет бар. Дәрiгерлер қабылдау өткiзiп, анализдер қабылдайды. Ауылдықтар УЗИ мен ЭКГ тексерiсiн өте алады. Кешенде рентген аппарат орнатылған. Акушер-гинеколог кабинетi, зертхана мен дәрiхана пунктi де бар.⠀

"Дәрiгерлер шалғайдағы ауылдарға барып, тұрғындарға жан-жақты медициналық көмек көрсетедi. Скринингтер мен тексерулердiң арқасында ауруларды бастапқы кезеңде анықтап, тиiмдi емдеу жүргiзiледi. Ауыл тұрғындары уақыты мен қаржысын үнемдейдi. Ең бастысы, уақтылы әрi сапалы медициналық көмектiң арқасында денсаулығын сақтайды", - дедi Қ.Ақсақалов.