Әлем • 29 Қазан, 2020

Жапония көмірқышқыл газынан бас тартады

106 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жапония премьер-министр Йошихидэ Суга парламентте өткізген алғашқы жиынында 2050 жылға қарай Күншығыс елі парниктік газдардан толығы­мен тазарады деп мәлімдеді.

Жапония көмірқышқыл газынан бас тартады

Оның айтуынша, Жапония билігі табиғи таза қоғам құруға ұмтылмақ. Осылайша, үкімет басшысы Еуропалық одақтың межесін орындауға уәде берді. Осыған байланысты елдегі компаниялар халықаралық талаптарға сай жұмыс істеуге көшуі тиіс. Қадам-қадам арқылы жүзеге асырылатын жоспарға сәйкес, ауаға бөлінетін көміртегі газы 2050 жылы мүлдем жойылмақшы.

Бұған дейін ел билігі 2050 жылға қарай парникті газдарды бөлу көлемін 80 пайызға азайтып, ғасырдың аяғында мүлдем құтылуға уәде берген-ді. Дегенмен табиғат қорғаушылар сол кездегі үкіметті нақты мерзімді көрсетпегені үшін сынға алды. Йошихидэ Суга ұсынған бас­тама жаһандық жылынудың алдын алу бойынша қабылданған Париж келісімі аясында жүзеге асырылады.