Экономика • 29 Қазан, 2020

Қазақстандықтардың депозиттерінде қанша қаржы жатыр?

148 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Банк жүйесіндегі депозиттер биылғы қыркүйек айының соңында 21,4 триллион теңгені құрады. Бұл туралы Ұлттық Банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджетке түзетулер енгізу мәселесі бойынша сенаттың жалпы отырысында айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстандықтардың депозиттерінде қанша қаржы жатыр?

"Биылғы қыркүйектің соңында банк жүйесіндегі депозиттер жыл басынан бері 12,4 пайызға ұлғайып, 21,4 трлн теңгені құрады. Теңгемен салымдар 12,6 трлн теңгеге дейін 16,7 пайызға, валюталық салымдар – 8,7 трлн теңгеге дейін 6,6 пайызға өсті", - деді А. Баймағамбетов,

Оның айтуынша, теңгемен активтерді қорғау бойынша жедел шаралардың нәтижесінде депозиттерді долларландыру 2020 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша 40,9 пайызға дейін (2020 жылғы наурызда 46,7%) төмендеді.