Футбол • 30 Қазан, 2020

«Барселона» «Ювентустан» басым түсті

206 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Чемпиондар лигасының топтық кезең­дегі екінші тур ойындары мәресіне жетті.

«Барселона» «Ювентустан» басым түсті

Е тобында бақ сынайтын «Челси» клубы сырт алаңда «Краснодар» командасынан 4:0 есебімен басым түсті. Ал өт­­кен турда «Челсимен» тең ой­наған «Севилья» бұл жолы Люк Де Йонгтің соққан голының ар­қасында «Реннді» жеңді. F тобында «Боруссия Д» өз алаңында «Зенитті» 2:0 нәтижесімен тізе бүктірсе, топ­тағы екінші кездесуде «Лацио» Бельгияда «Брюг­гемен» (1:1) ұпай бөлісті.

Турдың ең қызықты ойыны G тобында болды. Ту­ринде «Бар­селона» клубын қабылдаған «Ювентус» ка­талониялықтардан жеңіліп қалды. Дембеле мен Мессидің соққан голдары «Бар­­селонаға» үш ұпай сыйлады. Екінші ойында Киевтің «Дина­мосы» Мажарстанда «Ферен­ц­варош» (2:2) клубымен тең ойнады. Н тобында ПСЖ Кен­нидің дублінің арқасында «Башак­ше­хирді» жеңіп, Түркияда 3 ұпай олжалады. Ал «МЮ» Ман­честерде «Лейпцигтің» қақ­па­сына жауапсыз бес гол соқты. Кездесудің 63-минутында алаңға шыққан Маркус Рэшфордтің хет-трик жасағанын айта кетейік.