Оқиға • 30 Қазан, 2020

Батыс Қазақстанда шенеуніктің не үшін ұсталғаны белгілі болды

1487 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Болатбек Каюпов пара алды деген күдікке ілінген. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Батыс Қазақстанда шенеуніктің не үшін ұсталғаны белгілі болды

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы мен оның көмекшісіне қатысты тергеуді бастады. 2020 жылғы 12-23 қазан аралығында олар компания директорынан медициналық жабдықтарды (мониторларды) жеткізуге ЖШС-мен бұрын жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша орындалған жұмыстар мен материалдық құндылықтарды қабылдау актілеріне кедергісіз қол қою үшін жалпы сомасы 7 800 000 теңге пара алған. Ал ЖШС-мен бұрын жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың жалпы сомма 78 000 000 теңге", деді тергеуші брифингте.

Данияр Биғайдаровтың айтуынша, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы мен көмекшісі ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы ("Ұстау негіздері") бойынша Оралдағы уақытша тергеу изоляторына қамалған. Басқа ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жария етілмейді.