Әлем • 30 Қазан, 2020

Қарт құрлықтың жолдарын робот жөндеуі мүмкін

262 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ливерпуль университетінің инженерлері жолдарды тиімді жөндеу үшін робот жүйесін жасау бойынша жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Қарт құрлықтың жолдарын робот жөндеуі мүмкін

Жыл сайын Ұлыбритания жолдарға қызмет көрсетуге шамамен 1 миллиард доллар (433 миллиард теңге) жұмсайды. Алайда оған қарамастан, 2018 жылы жолдардағы шұңқырлар 517 жол-көлік апатына себеп болған.

Robotiz3d техникалық директоры Себастьяно Фичердің айтуынша, автономды робот жол жамылғысындағы шұрық-тесіктерді өз бетінше анықтай алады, сондай-ақ олардың маңызын бағалап, жамылғы жарыла бастағанда шұңқырдың пайда болуына жол бермейді.