Өрт орнына сағат 11.47-де Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД күштері мен құралдары келіп жетті. Өрттің алдын ала көлемі 150 шаршы метрді құрады. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептері анықталуда.
Өрт сағат 12:10-да оқшауланды, сағат 13.24-те сөндірілді. Өртті сөндіруге Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД, Апаттар медицинасы орталығынан, жедел-жәрдем бригадасынан, полиция департаментінен 34 қызметкер мен 9 бірлік техника жұмылдырылды.