Коронавирус • 31 Қазан, 2020

Вирус мутацияға ұшырады

1191 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еуропадағы коронавирус инфекциясын жаңа жұқтыру жағдайларының 80%-ына мутацияланған коронавирус себеп болды, деп хабарлайды Egemen.kz ВАК-қа сілтеме жасап.

Вирус мутацияға ұшырады

Бұл осы көктемде және жазда бүкіл әлемді құрсап алған вирустан өзгеше. Вирустың жаңа түріне 20A.EU1 атауы берілді.

Болжам бойынша, гендік мутация Испанияда маусым айында пайда болып, Еуропаға оралған туристермен бірге таралды. Испан генетигі Иньаки Комас вирустың таралуы коронавирус инфекциясымен жұқтырылғандардың бұқаралық іс-шараға қатысуыларынан басталды деп болжайды. Ғалым вирустың одан әрі тез таралу себебін Испанияда демалып жатушылардың қауіпсіздік шараларын сақталмауларынан көреді.

Жаңа мутацияның жұқпалылығы және аурудың ағымы тұрғысынан қауіптілігі әлі белгісіз. Бұған дейін, АҚШ-та осыдан да агрессивті, D614G деп аталған, SARS-CoV-2-нің мутациясы анықталды.