Аймақтар • 01 Қараша, 2020

Нұр-Сұлтанда бір аптада 184 заң бұзушылық анықталды

147 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

23-29 қазан аралығында елорданың барлық аудандарында 57 рейд жүргізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нұр-Сұлтанда бір аптада 184 заң бұзушылық анықталды

1400-ден астам ШОБ тексеріліп, 184 заң бұзушылық анықталды. 54 айыппұл салынды.

Елорда әкімдігі, СЭС өкілдері, еріктілер және полиция қызметкерлері карантинді сақтау және коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау бойынша рейдтерді жалғастыруда.

Сонымен, 30 және 31 қазанда сағат 22.00-ден 04.00-ге дейін Алматы ауданының мобильді тобы 34 нысанды тексерді.

"Көбіне кафелер, мейрамханалар, тамақтану орындары жұмыс уақытын үзіп тастайды. Әлеуметтік қашықтық сақтау бойынша ескертпелер бар. Сонымен қатар кейбір мекемелер ұжымдық іс-шаралар, туған күн, үйлену тойларын өткізіп, карантин тәртібін өрескел бұзады", деді Алматы аудандық ТКҚСҚ бақылау басқармасы басшысы Гаухар Шапатаева.